Back

Омар Шешен қайтыс болды ма?

Пентагон өкілдері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының жоғарғы қолбасшыларының бірі Омар Шешен америкалық әуе соққысынан алған жарақатынан көз жұмды деп есептейді.

Грузияда туған этникалық шешен Омар аль-Шишани 4 наурызда Сирияның солтүстік-шығысындағы содырлар тобына жасалған әуе соққысы кезінде ауыр жараланған. Оны Ракка қаласындағы ауруханаға жеткізген.

Пентагонның баспасөз хатшысы, капитан Джефф Дэвис France-Presse агенттігіне: «Біз оны ауыр жарақаттан көз жұмды деп санаймыз», — деген. Шишанидың ауыр жарақаттан өлгені туралы мәліметті Пентагон өкілдері америкалық CNN телеарнасына да мәлімдеген. Syrian Observatory for Human Rights ұйымы 13 наурызда France-Presse агенттігіне Шишанидың бірнеше күн бойы «клиникалық өлім» жағдайында жатқанын және оны жасанды демалдыру аппаратына қосқанын айтқан.

Шишаны лақап атымен танымал Тархан Батирашвили бұрын Грузияның элиталық арнайы қызмет күштерінде қызмет еткен. 2010 жылдан бері ИМ қатарына өткен ол осы топтағы ең беделді қолбасшының бірі саналатын. Шишани Құрама Штаттар іздеу салған содырлар тізімінің басында тұрды. Оның басына бес миллион доллар бәйге тігілген.