ШҚО әкімі Әзербайжанның Премьер-министрімен кездесті

Dalanews 12 нау. 2016 00:21 214

Облыс әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Әзербайжан Республикасына барып қайтты. Сапар барысында аймақ басшысы Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Артур Раси-Задемен кездесті

Кездесу барысында тараптар көлік және автомобиль өнеркәсібі салаларында екіжақты әріптестіктің болашағын талқылады.

Атап айтқанда «БИПЭК АВТО–АЗИЯ АВТО» холдингінің өнімін Әзербайжан нарығына шығару мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, көлік және автомобиль өнеркәсібі салаларындағы ықтимал әзербайжандық серіктестермен және кәсіпкерлермен кездесулер өтті.

Айта кетсек, осыдан бұрын ШҚО әкімі Даниал Ахметов Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Олег Панкратовпен және Тәжікстан Премьер-Министрінің орынбасары Азим Ибрахиммен аталған сипаттағы кездесулер өткізген болатын.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x