Айдын Айымбетов Халықаралық ІТ университетінде

Dalanews 11 нау. 2016 03:22 323

20160304173252Алматыда Қазақстанның үшінші ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Кездесу барысында жоғары оқу орнының басшылығы А. Айымбетовті университеттің құрылымы, сондай-ақ, роботтық техника, радиохабар, авиация және басқа да салалардағы жетістіктер және жаңа зерттемелермен таныстырды. 

«Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің әлеуеті жоғары. Алдағы уақытта ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің осы университетпен арадағы ынтымақтастығы компьютерлік технология бағытында жалғасады деп ойлаймын. Негізі IT саласындағы көптеген зерттемелер жас мамандардың қолымен жасалған. Мысалы Марк Цукерберг Facebook желісін екінші курста оқып жүріп әзірлеген», – деді ғарышкер.

Сондай-ақ, ол студенттердің қолымен жасалған зерттемелердің өзіне ұнағандығын атап өтті. Әсіресе, Айдын Ақанұлын роботтық техникалар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар қызықтырды.

Айта кетелік, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері Айдын Айымбетовтің ғарыштық ұшу сапары барысында онымен ұжымдық радиостанса арқылы байланыс орнатып, сұрақтар қойған.

Кездесу барысында Айдын Ақанұлы журналистердің сұрақтарына жауап берді. Қызықты сұрақтардың бірі басқа ғаламшарлықтар туралы болды. 

«Менің жеке пікірім: біз бұл ғаламда жалғыз емеспіз. Мен бәрібір басқа ғаламшарлықтардың бар екендігіне және бір уақыттарда олармен кездесетіндігімізге сенемін», – деді ол.

Ал «Ғарышта анықталмаған, ұшып жүретін нысанды көрдіңіз бе?» деген сұраққа ол қалжыңдап: «Ғарышкерлер ұшу алдында құпияларды жарияламау туралы құжатқа қол қояды», – деп жауап берді.   

Айта кетелік, кездесу барысында жоғары оқу орнының басшылығы А. Айымбетовті университеттің құрылымы, сондай-ақ, роботтық техника, радиохабар, авиация және басқа да салалардағы жетістіктер және жаңа зерттемелермен таныстырды. 

Әсіресе, Айдын Ақанұлын роботтық техникалар мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар қызықтырды.

Халықаралық ІТ университетінің баспасөз қызметі


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x