Азаматтығы жоқ оралмандар Астанаға алаңдайды

Dalanews 08 нау. 2016 21:33 178



Маңғыстаудың жергілікті билігі 150 оралманның әлі азаматтық алмағанын растады.





Маңғыстау облысына Иран мен Өзбекстаннан келген оралмандар өздеріне Қазақстан азаматтығын алуды оңайлату үшін жергілікті биліктің "Астанадан рұқсат күтіп жүргендерін" айтады. Облыстық көші-қон полициясы басқармасы "оралмандардың азаматтық мәселесі сайлауға дейін шешіледі" деп үміттенеді.

​Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлмира Балғожаева әкімдіктің Facebook парақшасына 2010 жылдан бері Маңғыстау облысына 23 мыңнан астам оралман көшіп келгенін, бірақ олар оңайлатылған тәртіп бойынша Қазақстан азаматтығын қабылдауға уақытында өтініш бермегенін жазған.

Маңғыстауға Иран, Сауд Арабиясы, Түркіменстан мен Өзбекстаннан қоныс аударған этникалық қазақтар Ақтау қаласындағы оралмандарға арналған бейімдеу орталығында тұрып жатыр. 2010 жылы ашылған орталық 200 отбасына арнап салынған. Орталықта оралмандардан бөлек балалар үйінің түлектері де тұрады.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x