Back

Савченко ешқандай айыпты мойындамады

Украин әскери ұшқышы Надежда Савченко айыптау үкімі шыққан жағдайда апелляциялық шағым бермейтінін мәлімдеді.

Бейсенбі күні судья Леонид Степаненко Надежда Савченконың үстінен өтіп жатқан Донецк қалалық сотының отырысын сотталушыға соңғы сөзін айтуға мүмкіндік бермей тоқтатып тастады. Надежда Савченконың дайындаған соңғы сөзінің мәтінін оның сіңлісі Вера Савченко таратты.

Онда Надежда Савченко айыпты да, үкімді де, ресей сотын да мойындамайтынын және айыптау үкімі шыққан жағдайда апелляцияға бермейтінін жазады. “Адамдарды ұрлап, оларды қинағандардың, кейін өздерінің соттауға да құқығы бар екенін көрсеткендері ақылға сыймайтын жағдай”, – дейді ол.

Бұған дейін прокурор Надежда Савченкоға жалпы тәртіптегі колонияға 23 жылға соттауды және 100 мың рубль көлемінде айыппұл төлетуді сұраған еді.

Ресейде Надежда Савченконы Луганск түбіндегі екі ресейлік журналистің өліміне қатысы бар және Ресей шекарасынан заңсыз өткен деп айыптайды. Савченко барлық айыптауды жоққа шығарады және тұтқынға түскен өзін сепаратистердің Ресей асырғанын айтады.