Жас ақындар мүшәйрасы өтеді

Dalanews 03 нау. 2016 04:18 375

Алматы облысы Талғар ауданы Өстемір ауылында жыл сайын 23 наурыз күні «Қызай ана» қорының ұйытқы болуымен дәстүрлі Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтеді. Қызай ана көшесінде ән мен би, күй мен ұлттық ойындардан концерттік бағдарлама беріліп, мыңдаған халық ұлық мерекені сән-салтанатымен қарсы алады. Биыл 5-рет өткелі отырған шара аясында Тоққазы әулетінің арнайы тағайындауымен жас ақындар жыр мүшәйрасын қоса өткізуді жоспарлап отыр.

Мүшәйраның мақсаты – жас ақындар шоғырын қанаттандыру, ұлық мереке әз Наурыз кезінде жас талаптардың елге танылуына ықпал ету.

Мұшәйраға 30 жасқа дейінгі жас ақындар қатыса алады.

Бір өлең Қызай ана образына арналып, оның рухани бейнесін кестелі тілмен өрнектеуі керек.

Бұдан бөлек еркін тақырыпта екі өлеңін қоса жіберуі тиіс. Жарысқа жіберілген өлеңдер бұрын ешқандай жерде жарияланбаған болуы шарт.

Мүшәйрада жүлде алған жырлар БАҚ-тарда жарияланатын болады.

Мүшәйрадан жүлдегер атанған ақындар ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Мүшәйраның қорытындысы 23 наурыз күні Талғар ауданы Өстемір ауылында өтетін мерекелік шара кезінде белгілі болады.

Мүшәйраға қатысушылар өздерінің мекен-жайы мен байланыс телефондарын қоса жіберулері керек.

Өлеңдер төмендегі электрондық поштаға наурыздың 18-не дейін жіберілуі керек: babakhan_82@mail.ru

Хабарласу телефоны: 8701-439-62-67, 87770218991

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x