Севастопольді қайтарудың амалы

Dalanews 15 ақп. 2016 09:51 284

Украина халқы алдағы жылы «Евровидение-2017»  ән байқауын Севастополь қаласында өткенін қалайтындарын ақпарат құралдары жарыса жазуда. Бұл украиндықтардың арманы болып қалуы мүмкін. Өйткені, бүгінде Севастополь Ресейдің құрамындағы қала.


Украиндықтар әйгілі ән байқауын алға тартып, Қырымдағы жетекші қаланы қайтарып алуды армандауда. Бірақ орыстар «Евровидение» ән байқауын өткізу үшін әрең қол жеткізген қаланы қайтарып бере салмасы анық.


Ал Украинаның Ұлттық ескерткіштер институтының жетекшісі Владимир Вяточвич «Евровидение-2016» ән байқауында Украина атынан сынға түсетін татардың талантты әнші қызы Жамал жеңіске жетсе, Украина билігі 2017 жылы ән байқауын Севастопольде өткізуі тиіс екенін айтты. Мұны енді орындалуы қиын армандардың бірі десек болатындай...


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x