Қазанғап домбырасы күмбірлейді...

Dalanews 09 ақп. 2016 04:18 312

 2016 жылдың 12 ақпан күні сағат 16.00-де Алматы қаласы Ықылас атындағы халық музыка асаптары музейінде «Халық композиторы Қазанғап және күйші Сәдуақас Балмағамбетов домбырасы музей сахнасында» атты концерттік кеш өтеді. Бұл туралы осы муйзейдің баспасөз бөлімі хабарлайды.

Қазақ халқының күйшілік өнерінде күйлерінің тартылу тәсілінен бастап, сарын-сазына дейін оқшау қасиеттерімен дараланатын Қазанағап Тілепбергенұлы (1854-1927) өзіне дейінгі дәстүрге өзіндік өрнек салып, өрісін ұзартты. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының рухани әлеміне тыңнан түрен салған дара тұлға, Қазанғап Тілепбергенұлының күйлері аманатқа адал шәкірттері Кәдірәлі Ержанов, Жәлекеш Айпақов, Сәдуақас Балмағамбетов, Бақыт Басықараев т.б. күйшілер арқылы бізге жетті.

Ықылас атындағы халық музыка аспаптары музейі жоспарлап отырған бұл шараның ерекшелігі музей қорында сақтаулы тұрған халық композиторы Қазанғап пен күйші Сәдуақас Балмағанбетовтың өз қолымен ұстаған домбыраларын музей сахнасына шығарып, өткеннің асылдарын болашақ ұрпақтың жан-жүрегіне жеткізу. Кеште халық композиторы Қазанғаптың күйлері орындалады.

Бұл кешке зиялы қауым өкілдерімен қоса, Қазанғап мұрасын жинап-зерттеп, оны жас ұрпаққа қалдыруға аянбай тер төгіп келе жатқан ҚР Мәдениет қайраткері, күйші-зерттеуші Абдулхамит Райымбергенов, Қазанғап мұрасын жалғастырушылардың бірі, күйші Нұрболат Жанаманов (Ақтөбе өңірінен), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Мұстафаев, ҚР Мәдениет қайраткері, күйші-зерттеуші Мұрат Әбуғазы және күйші Алтынбек Үмбетов қатысады. Келем деушілерге есік ашық.

                                                          

Өтетін жері: Алматы қаласы,

Ықылас атындағы халық музыка

аспаптары музейі

Зенков көшесі 24а

Байланыс телефондары:

2 91 63 16

2 91 69 17

2  91 63 16

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x