Сапарбаев аудан әкімінің үйіндегі жарықты қидыртып тастады

Dalanews 03 ақп. 2016 06:05 220

Бердібек Сапарбаев 800-ге жуық тұрғаны бар Қайыңды ауылына 10 жылдан бері жарық тартпаған аудан əкімі мен орынбасарының үйінен жарықты қиюды тапсырды. Шаңғұтов Қайыңдының қиындығын шешкенде ғана үйінде жарық жаға алады. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

 

Мұғалжар ауданының əкімі Серік Шаңғұтов бұйрықты мақұлдағаннан басқа түк дей алған жоқ. Ауданға қарайтын Қайыңды ауылының тұрғындары XXI ғасырда қараңғылықта өмір сүріп жатыр.

 

«Энергосистема 35 шақырым желіні меншікке берсе, жарықпен қамтамасыз деп отыр. Соны шеше  алмайсыңдар ма? 10 жылдан бері ауыл жарықсыз отыр. Сіздің үйде жарық бар. Басқаға бас ауыртып отырған жоқсыңдар. Осы жерде жарыққа жауапты адам бар ма? Бүгіннен бастап аудан əкімі мен  орынбасарының үйіндегі жарықты сөндіріңіз. Қашан Қайыңдыдағы жарықты шешеді, сол кезде қосыңыз»,- деді облыс əкімі.

 

Мұғалжарда 4300 адам жер кезегінде тұр. Ақтөбе облысындағы жұмыссыздар саны қысқармай отырған аудан осы Шаңғұтовтың елі. Шашауы шыққан шаруа шаш етектен. Ауданда жұмыс жасап тұрған шағын кəсіпорындар саны азайған, жұмысшылары қысқарған, салық төмендеген.

 

«Мен негізінен газ, су, жылуға көңіл бөліп, жол сəл кешеуілдеп қалды. Қандыағашта 32 көше бар.  Оның 11-не асфальт төселді» ,- деді Шаңғұтов.

 

«11 жыл əкім болып, 11 көшеге жол төсепсің. Əр жылға бір жол. Қалған көшені жөндеуің үшін саған 30 жыл керек пе?», — деген Сапарбаев сауалынан Шаңғұтов үнсіз құтылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x