Көлік қымбаттайды

Dalanews 01 ақп. 2016 10:13 253

Пайдалану мерзіміне қатысты шыққан жаңа қаулыға сай, бұдан былай сыртан әкелінетін көліктер үшін салынатын салық көбеймек. Сарапшылардың айтуынша, енді темір тұлпардың бағасы қымбаттайды.

Шекара асып, шетелден жеңіл, жүк көліктерін сатып әкелгендердің салығы 300 мың теңгеден басталып 2 миллионға дейін барады. Ал темір тұлпар Қазақстаннан алынса, утилизацияға ақшаны жүргізуші емес, отандық зауыт төлеуі тиіс.

Дау тудырған жаңа қаулыны Энергетика министрлігі экологияны ойлаған соң барып отыр екен. Себебі, елде 2 жарым миллионнан астам ескі көлік тіркелген. Бір қызығы, Қазақстанда утилизация жасайтын бірде-бір зауыт жоқ. Тек кейбір облыстарда көне көліктерді бөлшектейді. Онда да доңғалақ пен аккумуляторды ауыстырумен шектеліп жүр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x