Алматы – Қапшағай: қауіпті жол

Dalanews 01 ақп. 2016 10:11 176

Алматы-Қапшағай тас жолында бір күнде 15-тен астам көлік апаты тіркелді. Арасында жеңіл көліктерден өзге қалааралық автобустар мен ауыр техника және полиция машинасы да бар.

Жаңбыр жауып, артынан аяз тұрғандықтан бетон құйылған теп-тегіс жолдың беті айнадай мұзға айналған. Салдарынан баяу жылдамдықпен келе жатқан көліктердің өзі тоқтай алмай, бір-бірімен соқтығысыпты. Қапшағай қалалық ауруханасына түрлі дәрежедегі жарақат алған оннан астам адам жеткізілді. Қазіргі таңда біреуінен басқасы үйлеріне жіберіліпті.

Негізі, тас жолды арнайы тұз қосындысы бар реагенттермен тазартуға болмайды екен. Ол бетонның ерте зақымдануына алып келеді. Ал жауаптылар құм төсейміз дегенше жүргізушілер тақтайдай жолдың азабын тартуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x