Ел дамуына үлес қосайық!

Dalanews 31 қаң. 2016 21:26 270

Айып Абраев, Ақсу ферроқорытпа зауытының жөндеу – құрылыс цехының бастығы, Ақсу қалалық мәслихатының депутаты:

Айып– Ақсу ферроқорытпа зауытының жөндеу – құрылыс цехы (ЖҚЦ) 1964 жылы, ағаш ұста цехы жұмыс істеу бастағанда қүрылды. Бүгінде ЖҚЦ базасы, жұмыскерлер саны, оның шешетін мәселелері соншадықты ұлғайды.

Бүгінгі күні ЖҚЦ бірнеше учаскелерден тұрады. № 1 және № 2 учаскелері зауыт бөлімшелерінің жөндеу-құрылыс және жалпықұрылыстық жұмыстарды, балқыту пештерінің капиталды жөндеу жұмыстарын және жаңа объектілері құрылыс жұмыстарын істейді. Сонымен қатар № 2 учаскесінде зауыт бойынша кран асты бөренелерін және рельстарын жөндеу және ауыстырумен  айналысатын арнайы бригада құрылған.

№ 3 учаскесі зауыттың бетонға және ерітіндіге қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бұл учаскенің қаңылтыршылар тобы зауыт цехтары ғимараттар мен құрылымдары шатырларының жөндеу жұмыстарымен айналысады.

№ 4 учаскесі ферроқорытпа өндіру технологиялық үрдісін теміржол көлігі арқылы дайын өнімді вагондар мен контейнерлерге тасымалдау үшін ағаш қалқандарымен қамтамасыз етеді. Әрлеушілер тобы зауыт цехтары ғимараттарын үздік еурожөндеу стандарттары деңгейінде әрлеу жұмыстарын жасайды.

2014 жылғы наурыз айында ЖҚЦ теміржол тораптарын жөндеу қызметіне ауысты.

Барлығы жөндеу – құрылыс цехында 267 адам жұмыс істейді. Олардың ішінде алдыңғы қатардағылар: электргазбендәнекершілер С.А. Савич, Н.О. Алимжанов, М.К. Шаяхметов и Е.Ю. Соколов, ұста Б.А. Сарсеков.

Компанияның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Казхромның» Лайықты жұмыскері» атағына К.Т. Исаханов және Г.М. Леонтьев учаске басшылары,  монтаждаушы П.А. Куландин, тас қалаушы – монтаждаушы  К.Б. Торемуратов, кран машинисі А.С. Воложанин, «Казхромның» Құрметті жұмыскері» цех бастығы Ш.А. Акишева, электргазбендәнекерші В.А. Абзалилов, слесарь-жөндеуші С.Н. Гирько, инженер  М.К.Кабдынасыров, тас қалаушы – монтаждаушы Д.А.Шукетаев атағына ие болды.

Қазіргі уақытта Ақсу қаласының 4 округі бойныша қалалық мәслихат депутаты болудамын.

Депутат болған жылдарымда Черемушки кенті толық көше жарықтандырумен, жолаушылар аялдамалымен қамтамасыз етілді, жолдарға асфальт төселді, қоғамдық көлік транспорт маршруттары жетілдірілді. Ақсу қаласында жаңа бала бақша ашылды, жасанды жабыны бар спорт алаңдары құрылды, аулалар абаттандырылды. ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша екі тұрғын үй жөндеуден өтті.

20 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауын жария етті.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы – бұл біздің мемлекетіміздің демократиялық дамуының көрсеткіші.

Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмыскерлері және Ақсу қалалық депутаттар корпусының атынан Елбасымыздың бастамасын қолдайтынымызды білдіремін. Жақындаған сайлаудың маңыздылығы болашақ реформалардың өзектілігін дәйектейді. Халық сайлаулыларының жаңа тобы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назрабаевтың «Қазақстан жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында және «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастатйтын жол» мақаласында қойылған мақсаттарды іске асыруға арналған.

Еліміздің барлық азаматтарын келе жатқан сайлауды қолдауға және мемлекетімізде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мен әрі қарай дамуына үлес қосуға шақырамын!

 

Носачева Татьяна Владимировна – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ адам ресурстарын басқару және әлеуметтік мәселелер бойынша вице-президент:

Носачева– «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Қазақстанда электр энергиясын ең ірі жеткізуші - Еуразиялық Топтың құрамына енеді. Кәсіпорынның үлесіне елімізде өндірілетін электр энергиясының 17 %, қазылатын көмірдің 20% тиесілі. ЕЭК жұмысщылар саны 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша – 6222 адам.

ЕЭК негізгі бөлімдеріне Ақсу электр станциясы, «Восточный» көмір кеніші жатады.

Ақсу электр станциясы – кәсіпорынның ежелгі өндіріс бөлімдерінің бірі. Орнатылған қуаттылығы – 2450 МВт. Элект энергияның негізгі тұтынушылары: Ақсу ферроқорытпа зауыты («Казхром» ТҰК АҚ филиалы), «Соколов – Сарыбай тау – байыту өндіріс бірлестігі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «KEGOC» АҚ, тағы басқа аймақтық электр желілік компаниялар және электр жабдықтау ұйымдары.

«Восточный» көмір кеніші – көмірді ашық тәсілмен шығаратын бірден – бір кәсіпорын. Өнідіріс үрдісіне қазу және шығару жұмыстары, сыртқы кеніште көмірді өндеу, темір жол көлігіне жүктеу, жеткізу маршруттарын қалыптастыру кіреді.

2015 жылғы 12 ай бойынша өндіріс көрсеткіштері:

Көмірді шығару – 18 млн. 768 тонна;

Электр энергиясын шығару – 14 млрд. 668 млн. кВТ/ч (жоспарланғаннан 2,8 % көп).

Орташа жалақының көлемі – 162288 теңге.

Қазіргі уақытта «ЕЭК» АҚ «№ 3 күл қайыру құрылысы» жобасын іске асырумен айналысып жатыр. № 5 энергиялық блогі қайта құрудан өтті (сегіз энергиялық блоктың 5-і қайта құрудан өтті).

Кәсіпорынның белсенді жұмыскерлері:

Әміренов Рышат Бабаевич – «Восточный» көмір кенішінің жұмыскері, Нәбиев Булат Кчихханович – электр темір ұстасы, Қасенов Юрий Рашитович – аға шебер,

Ақсу қалалық мәслихаты V шақыруының депутаты ретінде қаланың әлеуметтік саласын және аббатандыру мәселелерімен айналысамын, тұрғындаржы жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткіземін, аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік төлемдер бойынша өзгерістертерді әлеуметтік қорғау органдарыен бірлесіп қадағалаймын.

Әлем алаңында қалыптасып жатқан жағдай тез арада дұрыс шешімдерді қабылдауды талап етеді. Сондықтан, қиындықтарды алдын-алу мақсатында Президент өткен жылдың қараша айында әлемдік дағдарысқа қарсы тұру тәсілдері көрсетілген «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Халыққа Жолдауын жария етті. Бұл Жолдау – бұл біз үшін жаңа әрекет жоспары, сондықтан ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылған депутаттардың өкілеттіктердің мерзімінен бұрын тоқтату орынды. Мәжіліске ақырқы сайлау 2012 жылы болды, сол уақыттан көптеген өзгерістер орын алды. Қазіргі уақытта жаңа амалдар, ерекше шешімдер, жаңа идеялар қажет. Сондықтан мәжілістің жаңа құрамы Елбасының қазақстандықтардың адында қойған мақсаттарды іске асыру бойынша тиімді жұмыс істейтіндігіне сенімдімін.

Бүгінде Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы қауаттылықтың дамуына миллиард теңге қаржы салып, экономиканың дамуына елеулі үлес қосады, ҮИИД МБ қатысушысы болып табылады.

Біз өндіріс көлемін ұлғайтуға, мемлекетіміздің тұрақты дамуына бағытталған реформаларды қолдаймыз. Сонымен қатар, біздің ұжымымыз әлеуметтік белсенділікпен де таныс. Сондықтан, біз, ірі кәсіпорын сияқты, елімізде орын лапы жатқан мңызды оқиғалардын тыс қала алмаймыз және облыстық, қалалық мәслихат депутаттықта алты үміткнр ұсынып отырмыз. Тек бірлескен күш-жігерімізді біріктіріп қана қазақстандықтардың дәулеттілігіне қол жеткізетіндігімізге нық сенімдімін!

 

 

Глюзя Алпысбаева, Павлодар облысы Кәсіпкерлер Палатасы Ақсу қаласы филиалының басшысы, жеке кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты:

Глюзя– Мен, Павлодар облысы Кәсіпкерлер Палатасы Ақсу қаласы филиалының басшысы, жеке кәсіпкер ретінде ағымдағы жылда жария етілген Елбасымыздың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын толықтай қолдаймын.

Ұлт Жоспарында отандық өндірістің дамуына шетел инвесторларын тарту, орта және кіші бизнесті жан-жақты қолдау шаралары көрсетілгені мені аса қуантады.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 13 қаңтарда Парламент депутаттары мәжілісті қысқа мерзімде тарату және кезектен тыс сайлау өткізу ұсынысын жасады. Мәжілістің қысқа мерзімде тарату елімізде шиелініскен экономикалық жағдайда аса қажет болып отыр.

Мен депутаттардың бұл ұсынысын толықтай қолдаймын. Себебі кезектен тыс парламеттік сайлау ұлттық бизнеске, жалпы мемлекетіміздің дамуына теріс әсер ету мүмкіндігін тудыратын уақытша кешеуілден қиындықсыз өтуге жол береді.

Өзім бүгінгі таңда Павлодар облысы Кәсіпкерлер Палатасы Ақсу қаласы филиалының басшысы болып 2014 жылғы сәуір айынан қызмет атқарудамын. Оған қоса жеке кәсіппен де айналасамын.

Бүгінгі күні Ақсу өңірінде 3082 кәсіпкерлер субъектілері тіркелген, оның ішінде 2597 – жеке кәсіпкерлер. Ақсу өңірінде кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қажетті жағдайлар тудырылған. Жылдан-жылға ауыл шаруашылығына, жеке кәсіпкерлерге, сауда объектілерінің дамуына мемлекет жағынан толықтай қолдау көрсетіліп отыр. Сондықтан елімізде орын алып жатқан экономикалық ахуалдан сүрінбей өтетінімізге сенімдіміз.

Сол үшін, біз, Ақсу өңірінің кәсіпкерлері, Парламент депутаттарының бұл шешімін толықтай қолдаймыз және Елбасымыздың бұл шешіммен келісетініне толықтай сенеміз!

 

 

Бенц Александр Альфредович – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ электрлік станциясы технологиялық жабдықтарды жөндеу бөлімінің аға шебері

Бенц А.А.– Қазақстан өзінің дамуындағы жаңа кезеңінде тұр, әлемдік дағдарыс, оның кемшіліктеріне қарамай, республикамыздың жаңа өсу нүктесі болуы мүмкін және болуы ықтимал. 2008 жылғы қиын уақыттан кейінбіршама уақыт өтті, дегенмен, Қазақстан атын дүние жүзіне әйгілі еткен реформалары жүзеге асырылды: ел экономикасы жоғары деңгейге көтерді, әлеуметтік салаға миллиардтаған қаржы жұмсалды, іске асырылған мемлекеттік бағдарламалар мыңдаған отандастардың  өмірін жақсартты. Бұл оң өзгерістерде еліміздің электр қуаты мен көмір өндіру алпауытының бірі - Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы еңбек ұжымының үлесі зор екенін мәлім.

Бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан, рет-ретімен дамитын мемлекет. Бұл Президентіміз жүргізіп жатқан салиқалы саясаты, нақты қойылған мақсат-міндеттері арқасында мүмкін болды. Өзінің Жолдауында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Мемлекет басшысы егемен Қазақстан дамуының басқы принциптерін жариялап, әрбір азаматы олардың іске асыруына белсенділік танытқанына назар аударды. Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы кенші мен энергетиктердің 6-мыңдық ұжымы «Саламатты Қазақстан», «Қол жетімді тұрғын үй-2020», үдемелі индустриальды-инновациялық даму, тағы сол сияқты мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыруына қатысады. Әрине, осы бағдарламаларды бастаған адамдар халықаралық қатынастардың дамуын болжап, көптеген қиындықтарды алдын ала білді.

Қазір Мәжіліс депутаттарының ауысуы қажеттілігі анық, себебі, Қазақстанға өзінің дамуындағы жаңа белестерді бағыныдуға кірісті. Бұл жолда пайта болатын көптеген мәселелерді шешудегі жаңа тәсілдерді табу маңызды. Заң жобалардың нәтижелі болуы мен ертеде бастаған мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруына мерзімінен бұрын Мәжіліс  депутаттарның сайлау өткізу – дұрыс шешім, деп ойлаймын.

 

 

Аршагүл Шалабаева, № 2 орта  мектептің директоры, қалалық мәслихат депутаты:

– Жыл сайын әрбір қазақстандық Елбасымыздың жаңа Жолдауын асыға күтетіні шындық. Елбасымыздың биылғы “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты халыққа Жолдауын да тағатсыздана күтті.

Сонымен қатар жуырда Елбасымыздың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы жария етілді.

Президент бұл мақалада қазақстандық арманға апаратын жолдың негiзгi бағыттарын ғана көрсетіп қойған жоқ. Сонымен қатар, бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың нақты механизмдерiн атап көрсетті. Аталған реформа еліміздің әлемдегі болып жатқан экономикалық дағдарыстан сүрінбей өтуінің басты жолы болып табылады.

Жақында Парламент депутаттары Президент Н.Ә. Назарбаевқа мерзімінен бұрын тарағысы келетінін жариялады.

Менің ойымша, депутаттардың бұл шешімі қазіргі жағдайда оң шешім болып табылады. Бүгінгі дағдарыс кезінде депутаттардың тарап кеткені дұрыс. Елбасымыздың Жолдауын тиімді іске асыру керек. Жаңа құрылған депутаттар тобы Жолдауды іске асыру, халық, ел игілігі үшін жұмыс істейді.

Мен Ақсу қаласының № 2 жалпы орта білім беру мектебінің директоры болып 2013 жылдан бастап істеймін. Мектеп 2010 жылы «100 аурухана. 100 мектеп» республикалық бағдарламасы бойынша салынды. Қазіргі таңда мектепте 1103 бала оқиды, 88 мұғалім жұмыс атқарады. Мұғалімдерінің 55 пайызы жоғары және бірінші санатты. 28 ұстаз педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында курстан өтіп, оқу үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдануда, мектептің материалдық-техникалық  жабдықталуы оқу мен оқыту нәтижесін көтеруге мүмкіндік береді. Мектепте 6 компьютер, 5 лингафон, 1 мультимедиа кабинеттері бар. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша бес жылда 12 “Алтын белгі” иегері және 6 үздік оқушы шықты.

Мектепте лицей сыныптары ашылған, оқушылар республикалық, облыстық деңгейде олимпиада, ғылыми жұмыстар байқауларында нәтиже көрсетіп жүр.

Келесі оқу жылында мектепте үш тілде оқытуды енгізу жоспарда бар, биология, физика пәндерін ағылшын тілінде оқыту үшін мектепте жағдай жасалған.

Біз, Ақсу қаласының № 2 жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы, депуттардың бұл шешімін қолдаймыз, себебі бұл экономикалық дағдарыс кезінде бюджет шығындарын қысқартудың бірден-бір жолы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x