"Ашық хатқа" жауап

Dalanews 22 қаң. 2016 05:32 222

 Газетіміздің 15 қаңтар 2016 жылғы санында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетіне қатысты профессор Нұғыман Аралбайдың «Ашық хаты» жарияланған -тұғын. Онда автор университет басшылығына қарата «ботаника кафедрасы»  және «геоботаника» мамандығының жабылғаны жөнінде пікір білдірген еді.

 ҚазҰУ басшылығы мақалада жазылған дүниелердің дәйексіз екенін айтып, университет проректоры  Д.Ахмед-Зәкидің атынан «Ашық хатқа» жауап жіберіпті.

Біз өз тарапымыздан аталған «Ашық хатқа» жауапты жариялап отырмыз. Айта кетелік, газет авторлар мақаласының мазмұнына жауап бермейді.

Редакциядан:  "Ашық хаттың" тақырыбындағы («Мұныңыз қалай, Мұтанов мырза?»)  сауалға байланысты газет редакциясы былай хабарлайды: тақырып мазмұнға қатыссыз, артықтау кеткені үшін ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтан кешірім өтінеді. Алдағы уақытта ынтымақтаса жұмыс істеуге әзір екенімізді жеткізгіміз келеді.

Төменде Ашық хатқа жауаптың толық нұсқасымен таныса аласыздар.

 «Қала мен Дала» газетінің 15 қаңтар 2016 жылғы санында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бет-беделін қаралайтын «Ашық хат» жарияланған екен. Мақала авторы Нұғыман Аралбай ҚазҰУ басшылығына қарата «ботаника кафедрасы»  және «геоботаника» мамандығын жапқандығы жөнінде орынсыз айып тағыпты.

Біздің бұлай деуімізге нақты негіз бар.

Шындығында, «геоботаника мамандығы» ҚазҰУ бакалавриатының мамандықтар тізбесінде 1999 жылдан  бері жоқ. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бакалавриат мамандықтары тізбесіне енбеген. Газетте көрсетілген Ботаника кафедрасы мүлдем болмаған.

Осы айтылған дүниелердің барлығын негізге ала отырып, мынаны хабарлаймыз: Нұғыман Аралбайдың «Ашық хатында» айтылған мәселелерге қазіргі ректордың ешқандай қатысы жоқ.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры


Д. Ахмед-Зәки


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x