Халықаралық ІТ университетіндегі шахмат турнирі

Dalanews 19 қар. 2015 00:17 283

Алғаш рет Халықаралық ІТ университетінде шахматтан университетаралық ауқымды жарыс өтті.

IMG_7695Шараны ұйымдастыруға Алматы қалалық спорт басқармасы мен ҚР Шахмат федерациясы мұрындық болды. Швейцарлық ережемен ұйымдастырылған турнир 7 турдан тұрды. Оған Алматыдағы жеті ірі оқу орындарының студенттері қатысты. Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, ҚБТУ, АЭБУ, Рысқұлов атындағы экономикалық университет, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар университеті, KIMEP университеті және турнирді өткізіп отырған Халықаралық ІТ университеті.

Интеллектуалдық бәсекелер өте қызықты өтті. Әрбір қатысушының деңгейі жоғары болатын. Осылайша үздіктердің ішіндегі үздіктер іріктелді.

1-ші орын – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

2-ші орын – ҚБТУ

3-ші орын – Халықаралық ІТ университеті

Турнирге шахматтан спорт шебері Сергей Евгеньевич Ким төрелік етті. Оның айтуынша турнир өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Жарысқа қатысушылар өзара естелік суреттерге түсіп, ой-пікір алмасты. 2016 жылы бізді бүгінгіден де қызықты кездесулер күтіп тұр» деді ол.

Айта кетсек, аталған турнир бұдан бұлай дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.

Халықаралық ІТ университетінің баспасөз-қызметі 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x