Қайрат Закирьянов ассесор болып сайланды

Dalanews 09 қар. 2015 06:01 253

FISU-дың 34-ші Бас Ассамблеясында ҚР Студенттік спорт федерациясының президенті және Қазақ спорт және туризм академиясының президенті, профессор Қайрат Закирьянов Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) Ассесоры болып сайланды.

Аталмыш жиын Швецарияның Лозанне қаласында 8 қараша – Бас Ассамблеянның екінші күнінде өтті. Бұл шараға биыл 168 мемлекет өкілдері қатысты.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Қазақ спорт және туризм академиясының президентін мұндай лайықты орынға сайлануымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Бас Ассамблея отырысының бірінші отырысында сөз сөйлеген Томас Бах «жастар – біздің болашағымыз» екенін атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x