АҚСУ ҚАЛАСЫ ГИННЕСС РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ!

Dalanews 17 қаз. 2015 02:17 244

Павлодар облысы Ақсу қаласының туған күні ауқымды түрде аталып өтті.  Қала әкімі Қайрат Нүкеновтің бастамасымен, «Достық» стадионы алаңында 4 тонна 254 келі картоптан 19 мың 254 фри мәзірін дайындаудан қаламыз жаңа Гиннесс рекордын бағындырды. Бұл – Ақсу қаласының қол жеткізіп отырған екінші жүлделі жеңісі болды.

imgonline-com-ua-compiofGWEdVA3Kp«Ақсу-картофель-фест-2015» жобасының жүзеге асуына, «Тимур» шаруа қожалығы мен «Павлодарагроснаб», «Сергей», «Үштерек және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Достық» ЖШ-і белсене атсалысты.

Стадион алаңы әсем безендіріліп, сахна төріне «Туған күніңмен, Ақсу!» жазуы ілінді. Көңілді музыка ойнап, көпшілікті шабыттандыра түсті.          Мерекеге мыңдаған қала тұрғындарымен қатар ауылдан ат арытып келгендер де аз болмады.

Қала күнінің мерекелік салтанатын Павлодар облысы  әкімінің орынбасары Николай Дычко ашып, жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтады. Әдеттегідей, думанды той  лайықтыларды марапаттау рәсімінен басталды.

Сонымен қатар, аталмыш мерекенің табысты өтуіне бірден-бір себепкер басшыларға әлемдік рекордтарды тіркеу жөніндегі Ресей Комитетінің арнайы сертификаттары тапсырылды.

Олар: «Достық» фермерлік шаруашылығының басшысы Хусейн Каримов, Ақсу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Залмұхан Арынов, сараптамалық кеңестің мүшесі, №19 қара металлургия колледжінің директоры Федор Кисенков, білім бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов, «Нұр Отан» партиясының АҚФ төрағасының бірінші орынбасары Айдос Оразалин, «ЕЭК» АҚ қызметкері Александр Лазов, АФЗ-ның директоры Сергей Прокопьев, Ж.Мұса колледжінің мұғалімі Алексей Понихин және  «Теплосервис-Ақсу», «Ақсу-қалалық комшар», «Досуг-сервис» кәсіпорындары мен «Достық» стадионының басшылары, С.Дөнентаев атындағы қалалық мәдениет сарайының директоры Татьяна Трушкова, ІІБ ӘПБ-нің басшысы Аян Қасымов пен қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлан Садыбеков болды. 

Мерекелік бағдарламада лоторея ұтыстары ойналып, бәйгеге квадроцикл қойылды. Авто-мото шоу тамашаланды. Кәсіби DJ, MC битбоксер, Go.Go жарық шоуының қатысуымен би кеші ұйымдастырылды. Сондай-ақ, елімізге танымал қазақстандық өнер жұлдыздарының бірі – «Орда» тобы ақсулықтарға жаңа әндерін тарту етіп, думанды той отты-пиротехникалық шоумен тәмамдалды.

Вадим ГОРЮНОВ,

Жер шарының рекордтарын тіркеу жөніндегі Ресей Комитетінің бас арбитры:

– Ақсу қаласының орталық алаңында тазартылып, туралған 4 тонна 254 келі картоптан 54 қазанда, бір күнде 19 мың 254 фри мәзірі дайындалды. «Картоп фриін ең көп көлемде пісірген» аталымы бойынша теңдесі жоқ рекорд орнатқан Ақсу қаласының әкімі Қайрат Нүкенов пен қала тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын! Және бұл аталған жетістік әлемдік рекордтарды  тіркеу жөніндегі Ресей Комитетінің бірыңғай халықтық тіркеуіне енгізілетін болады.

Марат ӘМІРЖАНОВ,

Ақсу қаласының құрметті

азаматы:

– Өзім Астана қаласының тумасымын. Ақсу қаласында тұрғаныма 23 жыл болды. Сүйікті қаламыз көз алдымызда жылдан-жылға көркейіп, дамып келеді. Биыл міне, 54 жылдығын да тойлап жатырмыз. Көңіл-күйіміз өте жақсы. Бала-шаға мәз-мейрам, көңілдері тоқ, бұдан артық не керек?! Баршаңызға айтар тілегім аспанымыз ашық болып, өміріміз шат болсын, еліміздің мәртебесі арта берсін!

Айдын  ТҮГЕЛБАЕВ,

"Теплосервис-Ақсу" МКК-нің

директоры:

- Бүгін айтулы мереке болып жатыр. Ең алдымен, бәріңізді қала күнімен құттықтаймын! Ақсу өңірінде осындай қуанышты күндер көп болып, әрдайым жаңа жетістіктерге жете берейік. Негізі, бұл шараға дайындалғанымызға шамамен 1 айға жуық уақыт болды. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, өңіріміздегі барлық шаруашылықтар, қала кәсіпкерлері, мемлекеттік орган қызметкерлері түгелдей өз үлестерін қосты. Міне, ұйымдастыру жұмыстарын атқарғанымыз үшін арнайы сертификаттарға ие болдық. Мереке көңілімізден шықты. Өте қуаныштымыз!

Серік ЖАҚЫПОВ,

"Ақсу су арнасы" МКК-нің

директоры:

- Мен барлық қала тұрғындарын осынау мерейлі күндерімен құттықтаймын! Бүгінгі маған берілген марапат менің ғана емес, бүкіл "Ақсу су арнасы" ұжымының еңбегіне берілген баға. Сол қызметкерлердің еселі еңбегінің арқасында біздің қала судан таршылық көрмей келеді. Еңбегімізді елеп, мәртебемізді көтерген қала басшысына айтар алғысым шексіз. Жеріміз, еліміз гүлденіп, халқымыз, Отанымыз аман болсын!

Айгүл МОЛДАШ


ФОТОРЕПОРТАЖ, ТӨМЕНДЕ.

IMG_4496 IMG_4357 IMG_4426 IMG_4460 IMG_5118

 








Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x