Марстағы құмды дауыл

Dalanews 25 қыр. 2015 03:42 372

Бүгінде адамзат баласы Қызыл ғаламшар – Марсты игеру жолында көптеген  жобаларды іске асыруда.  Марсты игеретін алғашқы адамдар іріктеліп, олар таяу болашақта барсакелмес сапарға аттануға дайындалып жатқанын білеміз.

Ғалымдардың бұл жоспарына Марста жиі орын алып тұратын шаңды дауыл кейінге шегеруі мүмкін. Таяуда NASA мамандары Қызыл ғаламшарда құмды дауыл әрбір екі-үш апта сайын соғатынын байқаған. Жиі соққан дауыл Марсты игерушілердің құрылғыларын қысқа мерзімде істен шығаруы мүмкін екенін алға тартты. Сондықтан NASA мамандары жиі соғатын құмды дауылды зерттеп, шаң-тозаңның химиялық құрамын зерттеп барып қана ғаламшарға адамдарды жіберу керек екенін ескертті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x