ЕСІМОВ КЕТТІ, БАЙБЕК КЕЛДІ

Dalanews 09 там. 2015 23:01 252

Елбасы Бауыржан Байбекті Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы активіне қаланың жаңа әкімі - Бауыржан Байбекті таныстырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

Бұл лауазымда Б. Байбек А. Есімовті ауыстырды.

Бауыржан Байбек Кыдырғалиұлы бұдан бұрын «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Гете институттын (Бремен қаласы, 1995) «Неміс тілі»; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.

«Хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік нұсқаұлық» (2007, екі тілде), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2010) кітаптарының авторы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» (2004) кітабының бірлескен авторы; «Президенттің бір жылы» (2006, 2007) кітабының құрастырушысы; 6 мақаланың, соның ішінде «Мемлекеттің сыртқы саяси қызметіндегі хаттама» (2010), «Шетелдік мемлекеттердің хаттамалық қызметін институттандырудың кейбір аспектілері туралы» (2010) және т.б. жарияланымдардың авторы.

1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - Хаттама жетекшісі.

2009 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

.2013 жылдың 1 қаңтар айынан бері - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы. С. Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті Қамқоршылық кеңесінің (2010 жылдан) мүшесі.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x