ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІ

Dalanews 10 шіл. 2015 23:34 280

Оқу орнын тәмамдаған түлектерге диплом табыстады

Международный_Университет_Информационных_Технологий_logo26 маусымда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 426 түлегі жоғары білім алғанын дәлелдейтін диплом алды!

Бұл түлектермен мақтануға болады. Студенттер оқуға түскен алғашқы күннен бастап білімге деген ерекше құштарлық танытты. Табысты болуға тырысты. Алғашқы күннен-ақ олимпиадаларда, түрлі конкурстарда үздіктердің қатарынан көрінді. Міне, бұл біздің оқу орнын аяқтаған түлектердің – үшінші тобы!

EActQPYoFE4 (1)Диплом табыстау рәсімі, жылдағыдай оңтүстік астананың Rixos Almaty қонақүйінде өтті.
Түлектердің мерекесі барысында жылы лебіздер, ақеділ тілектер айтылды. Оқуын аяқтаған түлектерге Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің негізін қалаушылардың бірі – Ерлан Сағадиев ақжол тіледі.

Иә, жиынға жиналған адамдардың бәрі толқулы еді.

Кеше ғана студент жастар, бүгінде білікті маман. Түлектер диплом тапсыру сәтін асыға күтті. Алғашқы болып үлкен өмірге жолдама беретін құжат – сабақты үздік оқыған жастарға, белсенділерға, пәндік олимпиадалардың және түрлі конкурстардың жеңімпаздарына табысталды.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Д. Шыныбеков әрбір түлектің қолын алып, салтанатты түрде құттықтады. 

4Ib0EFtinHQТүлектер ірі компаниялар мен мемлекеттік органдардың және белгілі адамдардың қолынан диплом алды. Атап айтсақ олардың арасында «Зерде» Ұлттық Ақпараттық коммуникациялық холдингінің басқарма төрағасы  -Бикеш Құрманғалиева, жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қорының директоры - Совет Сейітов, Алматы қаласы жастар мәселесі басқармасы жастар жобасы және ұйымдастырушылық жұмыс бөлімшесінің жетекшісі -Олжас Сәрсекенов, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары- Саят Ағыбаев,  iCarnegie вице-президенті – Энди Амалфинато; «ҰАТ» АҚ зертханасының жетекшісі -  Марат Накупов,  Microsoft компаниясының евангелисті - Андрей Андреев және тағы басқалары бар.  

iCarnegie вице-президенті – Энди Амалфинато өз сөзінде: «Мен Халықаралық ІТ университетінің барлық жетістіктерімен жақсы таныспын. Жас университет үшін бұл үлкен жеңіс» деді.

Диплом табыстау рәсімінде алғаш рет ЕМС зерттеулер және жүзеге асыру компаниясымен меморандумға қол қойылды. ЕМС әлемдегі ең ірі деген америкалық корпорация. Өзінің инновациялық өнімдері мен қызмет көрсету саласы бойынша ЕМС бұлтты технологияларды жетілдіруде. Бұл өз кезегінде ІТ бөлімшелеріне өз ақпаратын берік сақтауға мүмкіндік береді.

nyTGDZwx77IЕМС бірлескен түрде біздің университетте сертификатталған мамандар даярланады, сонымен бірге ортақ студенттік жобалар жасалады және де ғылым мен өндірісті интеграциялауға мүмкіндік беретін зертханалар ашылады.

Аз ғана уақыттың ішінде ХАТУ ІТ саласындағы көшбасшыға айналды. Осы уақытқа дейін біз 1146 жоғары білікті маман әзірлеп шықтық. Біздің студенттерге деген сұраныс жоғары. 2013 жылы біздің оқу орнын бітірген студенттердің – 98 пайызы, 2014 жылы – 95 пайызы жұмысқа тұрды.  

Ал түлектерге диплом табыстау шарасы мазмұнды әрі мәнді аяқталды.

2014 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті арнайы аккредитациядан өткеннен кейін бізге 500 грант берілді, оның ішінде «Электронды журналистика, «ІТ Менеджмент» және «Қаржы саласындағы ІТ».

Халықаралық ақпараттық технологиялар


университетінің баспасөз қызметі


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x