Қара теңізде  НАТО күштері күшейеді

Dalanews 16 мау. 2015 03:08 178

Еуропа парламенті Қара теңіздің қауіпсіздігін сақтау үшін теңіз және әуе қорғанысын күшейту туралы шешім қабылдады.  11 мамыр күні Францияда Еуропа парламенті «НАТО - ның Қара теңізде қауіпсіздікті сақтау мен аймақты әуеден және судан келетін қатерлерге тосқауыл қойу» туралы ережелерді бекітті.  Ресейдің Қырымды анексиялап алуынан соң, Қара теңіз аймағында батыс пен Ресей бәсекесі артып келеді. Былтырдан бері Ресей Қара теңізде әуе және теңізде үлкен көлемдегі  әскери жаттығулар жасап келеді. Сондай- ақ Ресей ұшақтары  НАТО - ның теңіздегі тиесілі әуе кеңістігіне өрескел бұзып кіруі жиі байқалуда.  Осыған  байланысты Еуропа парламенті НАТО күштерін соңғы үлгіде әскери радарлар мен дәлдігі жоғары зымырандармен жабдықтау туралы шешімді қабылдады. АҚШ пен НАТО одақтастары үшін Қара теңіз геосаяси маңызды аймақ болып табылады.

Назар Тұрықбайұлы




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x