G7 саммиті: санкция, санкция және тағы да санкция

Dalanews 08 мау. 2015 00:55 207

7-8 маусымда немістің Эльмау қаласында G7 саммиті өтеді. Осымен екінші жыл оған Ресей қатыспайды. Себебін білесіздер...

U.S. President Barack Obama (C) participates in a G7 leaders meeting during the Nuclear Security Summit in The Hague March 24, 2014. At the table are the President of the European Council Herman Van Rompuy, French President Francois Hollande, British Prime Minister David Cameron, Obama, German Chancellor Angela Merkel, Japanese Prime Minister Shinzo Abe, Italy's Prime Minister Matteo Renzi and President of the European Commission Jose Manuel Barroso. (L-R, clockwise). REUTERS/Jerry Lampen/Pool (NETHERLANDS - Tags: POLITICS)

Бұл жолғы саммиттің тақырыптары қызықты. Соның бірі: Ресей мен Қытайға қатысты қандай шараларды қолға алу керек?

Украин дағдарысы да шет қалмайды.

27 мамырда Обаманың орынбасары Джо Байден: «Егер Ресейге Украинаны талқандауға әрі қарай да жол бере берсек, Қытай да мұндай әрекетке барады» деді.

Былтырғы жылдың наурызында Ресей Қырымды басып алды. Бұған қоса Украинаның шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсетуде.

Осыған байланысты Обаманың бастамасымен АҚШ, Жапония және Еуроодақ антиресейлік экономикалық санкциялар енгізген. АҚШ-тың мақсаты өз айналасына «үлкен жетілік» елдерін біріктіру, Ресейді қыса түсу.

Бірақ...

ЕвросоюзСоңғы уақытта Батыс құбылып жүр. Еуропа Ресеймен экономикалық байланыста. Ресей газының импорты 30 пайызды құрайды...
Франция Президенті Франсуа Олланд Ресеймен тілдесуге болады деген сенімде.

Жапонияның позициясы да Еуроодаққа жақын. Ақ Үй басшысы Барак Обамамен кездескенде Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ Путинді (биылғы жылы) елге шақырмақ ниеті барын айтып қалды.

Осы себепті де алдағы G7 саммиті Ресейге келгенде екіге жарылайын деп тұр. АҚШ пен Канада қысымды әрі қарай да күшейту керектігін айтса, Еуропа және Жапония Путинмен диалогқа келуді алға тартпақ.

Батыстың Қытайға қысым жасағысы жоқ

Бұдан сырт Қытайдың мәселесі де қаралады. Бейжің Оңтүстік-Қытай теңізінде жасанды аралдар құрылысын жүргізуді күн өткен сайын көбейтіп жатыр...

Осы жылдың сәуірінде өткен G7 сыртқы істер министрлерінің саммитінде «жасанды аралдар» мәселесі сынға алынған.

Батыс елдері Жапония пен АҚШ-–қа түсіністікпен қарағанымен алыстағы Азиядағы ахуалды жақсы білмейді.

Оның үстіне Батыстың Қытайға қысым жасағысы жоқ. Тағы экономикалық байланыстары бар. Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия Қытайдың бастамасымен құрылған Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне (AIIB) қосылған.

Олар «AIIB-ке кірмеңдер!» деген АҚШ-тың сөзіне құлақ асқан жоқ. Себебі, Батыстың Қытайға тәуелділігі артып келеді.

Саммитте сондай-ақ «Ислам мемлекетінің» мәселесі де күн тәртібінде болады. Кешеуілдетпеу керек. Бүгіннен қалдырмау керек.

Терроризмге қарсы күрес – G7 саммитінің негізгі тақырыбының бірі.

Жапонияда лаңкестік бола қойған жоқ, бірақ биылғы жылдың басында ИЛИМ екі жапон азаматын жазалады (өлтірді). Тунистегі теракті кезінде тағы үш жапон қаза тапты.

[caption id="attachment_10971" align="alignright" width="1600"]G8 Summit in Lough Erne...epa03749726 (L-R) Japanese Prime Minister Shinzo Abe, German Chancellor Angela Merkel, Russian President Vladimir Putin, British Prime Minister David Cameron, US President Barack Obama, French President Francois Hollande, Canadian Prime Minister Stephen Harper and Italian Prime Minister Enrico Letta arrive for a family photo on the second day of the G8 Summit at Lough Erne, Northern Ireland, Britain, 18 June 2013. Leaders from Canada, France, Germany, Italy, Japan, Russia, USA and UK are meeting at Lough Erne in Northern Ireland for the G8 Summit 17-18 June. The leaders were holding their second and final day of talks on 18 June, with the global economy and tax avoidance high on the agenda. EPA/KERIM OKTEN Немістің Эльмау қаласында G7 саммиті өтуде. Осымен екінші жыл оған Ресей шақырылған жоқ. Себебін білесіздер...[/caption]

 

G7 vs G20
Саммит қазіргі күнгі жағдайды ашық, ашып көрсетеді деген ойдамыз. Себебі, әлемдік саясаттағы фигуралардың орны, рөлі өзгерген. Қытай күшейіп келеді, қарқынды дамып жатқан елдер тағы бар. Ендеше «үлкен жетілікке» өз ықпалын кеңейтіп, жаңа заманғы әлемдік экономиканың тәртібін түзететін кез келді.

Саммит 1975 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл  40-шы рет өткізілмек. Естеріңізде болса, 1975 жылы алғашқы мұнай дағдарысы орын алған.

2005 жылға дейін G7 елдерінің әлемдік экономикадағы жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 60 пайызды құраған болатын. Қазіргі күні ол 50 пайыздан төмен түсіп кетті...

Ал G20 елдерінің, оның ішінде Қытай мен Үндістанның ЖІӨ-сі қазіргі күні әлемдік экономиканың 90 пайызын құрайды.

2008 жылы орын алған қаржылық дағдарыстың нәтижесінде G20-ның салмағы да, ықпалы да арта түсті. 2009 жылдан кейін G20 саммиті әлемдік экономиканың мәселесін талқылайтын ең жоғары деңгейдегі іс-шараға айналды.

 Дегенмен де...

«Үлкен жиырмалықтың» қатысушылар саны тым көп. Сондықтан да олардың ортақ мәмілеге келуі қиын. Оның үстіне дамыған елдер мен даму үстіндегі елдердің ой-пікірі көп жағдайда тоқайласпайды.

Ресей G8 тобынан шықты. Осымен екінші жыл кездесу G7 форматында өтеді. «Дәл қазір G7 әлемдік экономиканың тізгінін өзіне алу керек», – дейді сарапшылар.

Неге? Себебі, олардың ұстанымдары, жүрген жолдары ұқсас. Бостандық және демократия. Өз кезегінде Ресей, Қытай немесе даму үстіндегі бұдан басқа мемлекеттер адам құқығының тапталуын үлкен мәселе санамайды. Қоршаған ортаның ластануын талқылау да олар үшін күлкілі.

Айтпақшы, саммит барысында қоршаған ортаның проблемасы сөз болады. Еркін сауда аймағын құру, террористік қаржы көздерінің көзін жою мәселесі де шет қалмайды. G7 алдағы уақытта бұл позициялар бойынша жетекші рөлге ие болуы керек.

«Әлемдік экономиканың өсімін қамтамасыз етіп отырған Қытай және даму үстіндегі өзге мемлекеттердің қарқыны баяулап қалды» деп бұдан қауіп күтіп отырғандар бар. Ендеше «үлкен жетілік» елдеріне экономиканы қайта тірілту үшін құрылымдық реформалар жүргізуге тура келеді.
«Үлкен жетілік» бұған кірісіп кетті. АҚШ, Жапония және Еуроодақ әзірге күні Ресей мен Қытайдың қатысуынсыз жүзеге асатын жаңа халықаралық ережелерді жасау үстінде. ТрансТынықмұхиттық әріптестік (Жапония – АҚШ), экономикалық әріптестік жөніндегі Келісімшарт (Жапония – Еуроодақ) және Трансатлантикалық сауда және инвестициялық әріптестігі (АҚШ- Еуроодақ) еркін сауданы жаңа деңгейге көтеруге мүдделі.

Егер мұндай сауда аймағын кеңітер болса, бұл Ресей мен Қытай кіретін ДСҰ-ның жұмысына «жан бітіріп», әлемдік экономикада жаңа, таза тәртіптің орнауына септесер еді.

  («Yomiuri», Жапония)


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x