Қоржынымыз тоқ

Dalanews 02 мау. 2015 04:23 178

1997 – 2000 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы толымды нәтижелерге қол жеткізді.

         DSCN23172015 жылдың 16 – 20 наурызы аралығында Павлодар қаласында өткен Қазақстан чемпионатынан кейін Тайпей қаласындағы Әлем Чемпионатына дайындалу және қатысу үшін ұлттық құрама командасы іріктелген болатын. Жиындардың бірінші кезеңі 1 – 14 сәуірде Алматы қаласында «Ақ бастау» негізінде өтті, себебі осы аралықта тереңдетілген медициналық тексеру өткізілді.

Жиындардың екінші кезеңі Астана қаласында өтті. Тайпейге юниор қыздардан 13 салмақтық категория мен жастардан 10 салмақтық категориядан құралатын толық команда ұшып шықты.  Әлем чемпионатына 46 елдің спортшы қыздары, 190 жастар мен 155 юниор қыздар қатысты.

         Әлем Чемпионаты қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасы 12 медаль ұтып алды: 2 алтын, 3 күміс және 7 қола. Юниор қыздар 66 кг дейінгі салмақтық категорияда 1 алтын ұтып алды, чемпион титулының иегері ретінде Қостанай облысынан Рябец  Надежда болды. Екі екінші орынға Жамбыл облысы Шу қаласының тумасы 63 кг дейінгі Құсайынова Лейля және 80 кг дейінгі салмақта Шымкент қаласынан Ісләмбекова Дина иеленді. Төрт үшінші орын: 46 кг дейінгі салмақта Алматы облысынан Орақбаева Жазира, 57 кг дейінгі салмақта Қостанай облысынан Кухта Надежда, 70 кг дейінгі салмақта Тараз қаласынан Шернукова Елена және 75 кг дейінгі салмақта Алматы облысынан Садықова Гюзель.

         Жастар арасында: 54 кг дейінгі салмақта Алматы облысынан  Муздиман Балауса 1 алтынға, екінші орынға Алматы облысынан команда капитаны Ақбаева Баян иеленді. Әрі қола медальдарының иегерлері ретінде: 60 кг дейінгі салмақта Орал қаласынан Исщанова Назым, 81 кг дейінгі салмақта Астана қаласынан Мұқышбекова Алтын және Қостанай облысынан Жумасова Жанель.

Бұл Әлем Чемпионатында біздің құрама командамыз Ресейдің құрама командасына ғана орын беріп, жалпыкомандалық сынақта 2-ші орынға ие болды. Әлемдік рейтингтің үшінші және төртінші жолақтарында АҚ және Индияның құрама командалары.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x