Ардагерлерге арналған «Ашық есік» күндері

Dalanews 05 мам. 2015 22:44 263

11196399_823157241109175_1209308812_oҰлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында,Алматы қаласындағы Республикалық ҰОС ардагерлері мен мүгедектерінің клиникалық госпиталінде соғыс ардагерлеріне арналған «Ашық есік» күндері өтті.

Бұл шараға Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің  профессорлық-оқытушылар құрамынан жасақталған алдыңғы қатарлы мамандары жұмылдырылды. Барлық білік­ті кәсіби маман­ды бір жерге тоғыстырып, осын­дай жана­шырлық, қамқорлық көр­се­тіп жатқан кезде мүм­кін­дікті пай­да­лан­ғысы кел­ген қарт майдангерлер таңның атысымен-ақ диагностикалық тексеруге келді. Айналдырған бір са­ғаттың ішінде барлық тексеруден өтіп, дәрігер кеңесін алған қариялардың қуанышында шек болмады. «Ашық есік» күні аясында, әр ардагер жүрегін ЭКГ-ге түсіріп, рентген, бас-миының ультра дыбыстық зерттеуінен өтті.

Акция соңында ардагерлер осындай жағдай жасаған Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ректоры Ғалымжан Асылбекұлы Тоғызбаев пен осы университеттіңпрофессорлық-оқытушылар құрамына зор ризашылықтарын білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x