Жолдауды түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Dalanews 27 сәу. 2015 23:23 188

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді

2015 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қоғамдық ұйымдар өкілдері және коммуналдық қызмет тұтынушыларымен «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Жолдау экономиканың әрі қарай өркендеуіне, атап айтканда көліктік, энергетикалық, кіші және орта бизнестің индустриялы және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бағытталған. «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты біздің экономикамыздың жақын уақытта өсуінің қозғағышы күшіне айналады. «Нұрлы Жол» мультипликативтік нәтижені беріп, басқа да экономиканың салаларына:  цементтің өндірісі, металдың, техниканың, жабдықтардың және соларға ілеспе қызметтерге әсерін тигізеді. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарып, жаңа мектептер және ауруханалар жоғары деңгейлі қызмет көрсетеді. Қазақстандықтардың әл-ауқаттары және өмірлерінің сапасы жақсарады. Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына қолдау көрсетіп, жүзеге асыру бойынша өз дайындықтарын білдірді.

 

Б. Койбекова,


ҚР ҰЭМ ТМРБҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің


Талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x