Дүниежүзілік түркі форумы

Dalanews 24 сәу. 2015 02:10 205

 Түбі бір түркі Стамбұлдағы халықаралық шарада бас қосады

 Үстіміздегі жылдың 23-25 сәуірі аралығында Түркияның Стамбұл қаласында «Қоғамдық дипломатия, медиа, ақпарат» тақырыбына тақырыбына IV Дүниежүзілік Түркі Форумы өткізіледі.

Чанаккале құрбандарына аналған Түркі форумына бас демеушілікті Түркі Академиясы жасап отыр. Қазақстаннан аратын қатысушылардың жол шығынына «Эйр Астана» компаниясы арнайы жеңілдік жасаған.
Жер шарының 60-тан астам елінен саясаткерлер, мәдениет қайраткерлері, дипломатиялық қызметтер, үкіметтік емес ұйымдар, ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бас қосатын халықаралық шараның басты ұйымдастырушысы – TASAM стратегиялық зерттеулер орталығы. Форумның алғашқы күні «Қызыл Алма Сыйлығының» иегерлерін марапаттау рәсілі ұйымдастырылмақ.

Ал жұма күнгі Форумға Түркі Кеңесінің кеңесшісі Халил Акынджы, Түркі Академиясының презиенті Дархан Қыдырәлі қатысады.

 Өз кезегінде TASAM ұйымының басшысы Сүлеймен Шенсой: «Дүниежүзілік Түркі Форумы әлемнің түкіпір-түкіпіріндегі түркі ұлттары мен ұлыстарына қатысты түйткілдерді күн тәртібіне шығарып, жан-жақсы талқылауға мүмкіндік береді.

Биылғы жиын Чанаккаледе Отанды қорғау соғысында қаза тапқан құрандарды еске алуға арналады. Түркі мемлекеттері мен диаспораларының тіл, діл, тарихы мен жағрапиясын Чанаккале руы негізінде талқыға саламыз. Бұл дипломатиялық жолдар арқылы БАҚ пен ақпараттық кеңістікті нығайтуға сеп болары анық», – дейді.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x