Back
| DalaNews

Тоқаев: «Тегін медициналық маска таратылсын!» (видео)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенділердің елімізде қарапайым медициналық маска жеткілікті деген сөзінің шындыққа мүлде сәйкеспейтінін айтып салды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіге таралған бейнебаянда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметі төрағасы Асқар Мамин мен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қарапайым халықтың медициналық маскаға қолы жетпей отырғанын қадап тұрып айтты.

– Бізде әлі күнге дейін медициналық маска жетпей жатыр. Бірақ Сіздің (Денсаулық сақтау минситрі Е.Біртановқа қарап айтты) маған берген есептеріңізді қарасақ, маска жеткілікті. Халық дәріханаларда масканың жоқтығын айтып шағынуда. Меніңше, бұл барып тұрған алаяқтық әрекет деп есептеймін.

Мемлекет індетке қарсы қажетті іс-шараның бәрін қолға алып отыр. Біздер тез арада алаяқтардың жолын кесіп, қысқа мерзім ішінде жедел түрде қала көшелерінде тегін медициналық маска таратуымыз керек, – деп маска мәселесіне нүкте қою керек екенін айтты.

Тағы оқыңыз:

Күніне 30 мың маска тігеді