Back

Лаңкестерді кім қаржыландырады?

Редакциядан: Брюссельдегі жарылысқа қатысты Түркияның Yenicag басылымы аса өзекті әрі өткір пікір білдіріпті.

dalanews 108

Брюссельдегі терактіден кейін Түркияның Сыртқы істер министрлігі: «Лаңкестер өркениетті әлемге және баршаға ортақ құндылықтарға шабуыл жасады», – деді.

Бұл мүлде жаңсақ мәлімдеме!

Ислам елдеріндегі барлық террористік ұйымдарды «жарыққа шығарған» біз «өркениетті әлем» ретінде танитын Батыстың арнайы қызмет құрылымдары болатын.

Террор дегеніміз не? Анығында, бұл жекелеген мемлекеттерге қажет соғыстың бір түрі.

Жаһандағы ең жойқын лаңкестік шабуыл АҚШ-та болды. Ұшақты «алып қашқан» терроршылар оны егіз-мұнараға бағыттады. Мұны сылтау еткен Америка мұсылман әлеміне «Крест жорығын» жариялап, Ауғанстан мен Иракқа басып кірді. Кейіннен дәл осы себеппен Ливия мен Сирияның астан-кестенін шығарды.

dalanews 121

Анығында, террор Батысқа емес, Ислам әлеміне, оның ішінде – Түркияға бағытталып отыр.

Иә, бұған қарсы шығатындар бар. «Ендеше олардың Брюссельде несі бар еді?» дейді олар.

Асықпаңыздар! Бұл шахмат ойыны! Елестетіп көріңіз, Еуропаға бағытталған лаңкестік шабуылдар үдей түсті дейік. Ертеңгі күні «өркениетті әлем» бұған кімді кінәлауы мүмкін? Әрине, Ислам әлемін және Түркияны.

Ойлап қараңыз, тып-тыныш жатқан Сирияның астан-кестенін шығарып, «қарулы оппозицияны» қаржыландырып, террористерді жаттықтырған және аталған аймақты қанға бөктірген кім?

Анығында, Брюссельдегі шабуыл Франция мен Германияның мысын басу үшін жасалып отыр. Себебі, бұл екеуі Түркия мен күллі Ислам әлеміне қатысты АҚШ пен Ұлыбританияның көзқарасына сай келмейтін бөлек бағдар, басқа саясат ұстанып отыр.

Мынаны еске салайық: 2001 жылғы 21 маусымда америкалық саясаткер әрі экономист Линдон Ларуш бір ғана Лондонда – «Мұсылман бауырлар», «Әл-Жихад», ХАМАС, «Ислам әскері», «Тамил» сияқты халықаралық әрі ең қауіпті деген лаңкестік ұйымдардың орталықтары орналасқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар АҚШ-тың террористік құрылымдар тізімінде тұрған 30 ұйымның 16-сы Ұлыбританияның тарапынан әскери және логистикалық  көмек алатынын жайып салды.

Сонда мұның бәрі не үшін? «Баршаға ортақ құндылықтардың» берекесін кетіріп отырған кімдер және мұндай жағдайда  террор кімге қауіп төндіретінін ойландық па?