Huawei "Gartner Peer Insights" халықаралық рейтингіде «Клиенттердің таңдауы» номинациясында төртінші рет жеңіске жетіп отыр

Dalanews 04 мам. 2023 05:43 190

Huawei компаниясы "Gartner Peer Insights" SD-WAN рейтингінде төртінші рет «Клиенттердің таңдауы» санатында жеңімпаз атанды.


Huawei компаниясы Gartner Peer Insights бағдарламалық-анықталатын ғаламдық компьютерлік желілерге (SD-WAN) арналған шешімдер рейтингінде төртінші рет «клиенттердің таңдауы» номинациясын жеңіп алды.

Бұл сыйлықты жеңіп алған жалғыз Солтүстік Американдық емес жеткізуші ретінде Huawei компаниясы сонымен қатар Gartner комапниясымен Азия-Тынық мұхиты аймағында, Еуропада, Таяу Шығыста және Африкада «SD-WAN үшін тұтынушылардың таңдауы» ретінде танылды.

Gartner Peer Insights платформасында бүкіл әлем бойынша 20-дан астам SD-WAN өнім жеткізушілеріне кешенді бағалау жүргізілді. Қаржы, өндіріс және мемлекеттік қызметтер сияқты әртүрлі салалардың тұтынушылары SD-WAN өнімдері мен шешімдері туралы өнім мүмкіндіктерін, орналастыру мен пайдалануды және сервистік қолдауды қамтитын әртүрлі параметрлер бойынша кері байланыс берді.


Huawei компаниясының SD-WAN шешімдері 82 рецензенттің деректері негізінде ең жоғары 5 ұпай және 100%-дық ең жоғары ұсыныс көрсеткішін иеленіп, бірінші орынға шықты.

Тұтынушылар компанияның SD-WAN шешімін бүкіл әлем бойынша сапасы бойынша, өрістету ауқымы мен жетілген коммерциялық пайдалану бойынша жоғары бағалайтынын көрсетеді. Huawei компаниясы әзірлеген SD-WAN жүйесін таңдаған клиенттердің пікірлерінің жалпы сарыны өте жағымды. Төменде пікірлерден үзінділер келтірілген:

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""] «Huawei SD-WAN шешімі өте тұрақты, өте сенімді желілік шешім болып табылады. Huawei SD-WAN концентратор торабындағы ақаулардың алдын алу үшін екі концентраторды қолдай алады, сонымен қатар Huawei SD-WAN шешімі шешімнің тұрақтылығын арттыру үшін бір сайттағы екі CPEs-ті қолдай алады». Huawei SD-WAN-дан алғанымыз - қауіпсіздік. Нұсқаны жаңартқаннан кейін AV, IPS, URL қашықтан іріктеу және т. б. сияқты қауіпсіздік қызметтеріне қолдау көрсетіледі», - көлік саласының клиенті.

«Huawei жабдықты үш минут ішінде теңшеді, орнатуды аяқтауға және пайдалануға беруге жарты күн ғана уақыт кетті. Huawei бізге желіні бір күннен аз уақыт ішінде өрістетуге көмектесті. Сондықтан орнатудың барлық тәжірибесі біздің жұмысымызға кедергі келтірген жоқ», - қаржы саласының клиенті. [/perfectpullquote]

Huawei компаниясының SD-WAN Solution бөлімшесінің директоры Цао Тунцян: «Gartner Peer Insights SD-WAN рейтингінде 2023 жылы «Клиенттердің таңдауы» ретінде қайта танылу біз үшін үлкен мәртебе. Мен клиенттерімізге Huawei комапниясының SD-WAN шешімін таңдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Соңғы бірнеше жылда Huawei компаниясының SD-WAN мамандары пайдаланушылардың проблемалары мен талаптарын терең зерттеді, сондай-ақ көп бұлтты және көп салалы коммуникацияларды пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында үздіксіз инновациялар енгізді.  Болашақта біз пайдаланушыларға қауіпсіз және ақылды SD-WAN шешімдерін ұсыну үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға инвестицияларымызды арттыруды жалғастырамыз», - деп атап өтті.

 

https://dalanews.kz/kogam/88910-qaisar-askeri-patriottyq-oyyndarynyng-aq

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x