Өзбек имамы түрік сериалдары ұлт менталитетіне кері әсер ететінін айтты

Dalanews 10 нау. 2018 15:30 179

Жұма намаз кезінде Ташкенттегі «Мирза Юсуф» мешітінің бас имамы Рахматулло Сайфуддинов түрік сериалдары өзбектердің генофондын бүлдіріп жатыр деп мәлімдеді.



Кезекті уағызында имам Сайфуддинов «Жыныстық акті кезінде күйеуін емес, түрік сериалдарындағы әдемі актерларды ойлайтын әйелдерден геи-балалар туады» деп мәлімдеді. ​

Бұл мәлімдеме жергілікті БАҚ-та түрік сериалдарына қарсы науқан жүріп жатқан кезінде айтылды. Өткен айда ZO'RTV телеарнасы «Қара махаббат» (Kara Sevda) деп аталатын түрік сериалын көрсетуді доғаруға мәжбүр болған.

Өзбекстанның баспасөз және ақпарат агенттігі жанындағы БАҚ-қа мониторинг жүргізу орталығы аталған сериал ұлт менталитетіне және дәстүріне, отбасылық құндылықтарға қайшы келеді деп шешім қабылдаған.

«Домбиробод» мешітінің бас имамы Шермурад Тогай да әріптесі Рахматулло Сайфуддиновтің пікіріне қосылатынын жеткізген. "Исламда жыныстық акті кезінде ерлі-зайыпты шайтанауи ойларды ойламағаны дұрыс деген хадис бар", – дейді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x