Ұстаздарды «мал», «ешек» деп балағаттаған басшыға 650 доллар айыппұл салынды

Dalanews 27 желт. 2017 10:17 209

Әндіжан қалалық соты шаһар басшысы Дильмурод Рахматуллаевқа лицейлер мен колледж басшыларын балағаттағаны үшін 30 төменгі айлық көлемінде (шамамен 650 доллар) айыппұл салды. Бұл туралы Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Сот Рахматуллаевты әкімшілік бұзды деп таныды», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Әндіжан басшысы жиналыста мұғалімдерді балағаттап жатқаны жазылған аудио таралған соң, прокуратура қызметкерлері тексеру жүргізген, деп хабарлады қалалық әкімшіліктегі дереккөз.

Еске салайық, 16 қазанда Рахматуллаев жиналыс өткізіп, білім мекемелері басшыларын Ташкент облысындағы мақта жинауға аз адам шығарғаны үшін сөккен. «Малдар»​, «ешектер», «малғұндар» деп айқайлаған.

Ал 18 қарашада қалалық әкімдіктегі жиналыста шенеунік 64 жастағы мұғалімді "малғұн" деп атаған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x