Қырғызстан шекарадағы ахуалға қатысты ДСҰ-ға жүгінді

Dalanews 17 қаз. 2017 13:12 258

Қырғызстан үкіметі 17 қазанда Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) хатшылығына қырғыз-қазақ шекарасында қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жолдады. Қырғызстан үкіметі аппаратының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің хабарлауынша, үндеу жолдауға "Қазақстанның ДСҰ құру туралы келісімді және осы ұйымның тариф пен сауда туралы негізгі келісімінің талаптарын бұзуы" себеп болған. Бұл туралы "Азаттық" сайты хабарлады.

Қырғызстан үкіметі үндеуінде Қазақстан "10 қазанда аяқ астынан қазақстан-қырғызстан және қазақстан-ресей шекараларында қосымша қадағалау шараларын енгізгенінен" хабардар етеді. Қазақстан жағы қосымша шаралар енгізген соң шекарадағы адам көп өтетін Қырғызстанның "Ақ-Жол" және "Ақ-Тілек" өткізу бекеттерінен орта есеппен күн сайын өтетін адам мен көлік саны екі жарым есеге азайған. Мәлімдемеде ДСҰ-ға мүше Қазақстан сияқты Қырғызстан да "осы ұйым аясында өзінің құқығын қорғайтыны" айтылады.

Кеше Қырғызстанның экономика министрлігі шекарадағы жағдайға байланысты Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) жүгінгенін хабарлаған. Қазақстан ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 17 қазанда шекарадағы тексерудің күшейгенін "саясиландырмауға" шақырған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x