Оппозициялық басылым "Жас Алаштың" бас редакторы орнынан кетті

Dalanews 21 ақп. 2017 18:48 294

Оппозициялық басылым "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай орнынан кеткені хабарланды. Бұған дейін "Жас Алаш" газетінң редакциясында түсініксіз жайттар болып жатқаны хабарланған еді.

Рысбек Сәрсенбайдың айтуынша, газеттің негізгі құрылтайшысы Салтанат Атушеваның (марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтың жұбайы, Газеттің 75 пайыз акциясы С. Атушеваның иелігінде) таралымынң азаюы мен интернет-порталдың оқылымының аздығын алға тартып, редакцияны жалпы беттік ауыстыруды мақұл көрген. Рысбек Сәрсенбай мұндай пікірмен келіспейтінін, мұнда белгілі бір астар болуы мүмкін екенін жасырмайды. Газет акциясының 25 пайызы өзінде екенін айтқан ол, С. Атушеваға билік тарапынан қысым түскен болуы мүмкін екенін де жасырмайды.

Бір таңғаларлығы, газеттің бас редакторы болып Рысбек Сәрсенбайдың ұлы Нұрлан Сәрсенбай тағайындалған. Ол бұған дейін журналистика саласында қызмет атқармаған. Шетелдерде дипломатиялық қызметтерде болған.

Алтынбек Сәрсенбаевтың әйелі күйеуі қайтыс болған соң балаларымен бірге шетелге қоныс аударған. Қазір олар Англияа тұрады деген дерек бар.

Бас редактордың аяқ астынан ауысып, редакция мекен-жайының да өзгергеніне газеттің тілшілері наразы екендіктерін әлеуметтік желілерде айтып жатыр. Газет бұрынғы қалыпта жарық көре ме, әлде мазмұндық өзгерістерге ұшырай ма, оны алдағы уақыт көрсетеді. Бір ғасырға жуық тарихы бар газет Қазақстандағы санаулы оппозициялық басылымдардың бірі.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x