Өзбектер Кәрімовты ғасырлар бойы есте сақтау үшін не істемек?

Dalanews 31 қаң. 2017 04:07 209

30 қаңтарда Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімов 79 жасқа толар еді. Бұның алдында – 25 қаңтарда республика президенті Шавкат Мирзияев «Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімов естелігін ғасырлар бойы сақтау» туралы қаулығы қол қойды.

Мирзияев жарлығына сәйкес, Өзбекстанда жыл сайын 30 қаңтарда Ислам Кәрімовтің туған күні, ал 2 қыркүйекте – оның өлген күні – алғашқы президентті еске алу күні ретінде атап өтіледі.

Бұған қоса Ислам Кәрімов есімі Ташкент мемлекеттік техникалық университетіне, Асактағы автомобиль зауытына, Ферғанадағы Өнер сарайына, Ташкенттегі халықаралық әуежайға, Қарақалпақстандағы, Ташкенттегі және Өзбекстан облыстарындағы орталық даңғылдарға берілді.

My5 өзбек телеарнасында "Тәуелсіз Өзбекстанның негізін қалаушы" фильмі көрсетілді. Бірақ онда Кәрімовтің отбасы туралы ештеме айтылмаған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x