Ермегияев Трампты ұлықтау рәсіміне қатысты

Dalanews 23 қаң. 2017 03:16 283

Талғат Ермегияевтің ұлы Қазыбек Ермегияев АҚШ президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне қатысқанын белгілі журналист Айгүл Мүкей әлеуметтік парақшасында жазды.  

Қазіргі таңда Қазыбек Ермегияев АҚШ-тың әскери академиясында білім алуда. Ол оқуда, спортта және қоғамдық өмірде белсенділігімен көзге түсіп, АҚШ президентін ұлықтау рәсімінде өтетін әскери шеруге қатысатын санаулы үміткерлердің қатарына ілігіпті. Осылайша жерлесіміз, маңызды шараға қатысқан жалғыз қазақ ретінде жұртшылықтың назарын өзіне аударды.

АҚШ-тың 45 президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсімі 20 қаңтар күні өтіп, оны жер шары бойынша 31 миллион адам тікелей желі арқылы тамашалағаны белгілі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x