Путин: «Порошенко мен Ердоған? Суға кеткендерді құтқармайды»

Dalanews 17 сәу. 2016 01:17 249

«Тікелей желі» барысында ресейліктердің сұрағына жауап берген Владимир Путин осы арқылы Кремльдің сыртқы саясаттағы ұстанымын да айқындап бергендей болды.

«Тікелей желі» кезінде Путинге сұрақ қойған 12 жасар Варвара Кузнецованың сауалы талайды таңғалдырды.

– Егер Порошенко мен Ердоған суға кетіп бара жатса, қайсысын бірінші құтқарар едіңіз? – деді қаршадай қыз.

– Егер біреу суға батып кетуді қаласа оны құтқарып қалу мүмкін емес. Біз кез-келген әріптесімізге көмек қолын созуға әзірміз, бірақ бұған әріптесіміздің  мүдделі болуы керек, – деді  деді Путин.

Ал бесіктен белі шықпаған баланың Ердоған мен Порошенкода несі бар? Путиннің мінезін жақсы білетін сарапшылардың айтуынша, бұл алдын-ала дайындалған сценарий. Осы арқылы Кремль Украина мен Түркияға қатысты көзқарасын аңғартып отыр.

«Қала мен Дала» 



Мақаланы көшіріп басқанда гиперсілтемесін көрсету міндетті

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x