Әміржан Қосанов: «Бізге де бір Жириновский керек»

Dalanews 17 сәу. 2018 02:41 281

Соловьевтің сөзін естіңіздер. Түрулі іргеден тас атты тағы да. 

Астамсу бар. Аңғарғанымыз, тәуелсіз ел деп тұрған жоқ. Жириновскийден бетер әріге кетті. Сандырақ емес, саудың сөзі.

Латын алфавитіне көшуімізді мазақ етіп, Қазақстанда Украинадағыдай майдан болуы мүмкін дегенді айтып қалды Соловьев.
«Қазақстанмен біздің альянс қандай өзі? Олар неге үнсіз қалды бізге қолдау білдірмей? Біз білмейтін шығармыз, бәлкім арамыздан қара мысық кесіп өткен болар? Әлде келесі майданның Қазақстанда болатынын күтеміз бе?» – деді ол студия қонақтарына қарата.

Саясаткер Әміржан Қосановтың әлеуметтік желідегі бір жазбасы ойымызға оралып отыр.

Картинки по запросу амиржан косанов

Ол былай деген еді: 

"Мәскеуде Жириновскийге ескерткіш қойылыпты. Соған қатысты бір ой.
Неге біздің билік өз қолымен Жириновскийдің Қазақстанға қатысты айтқан ойларын дәл сол стильде Ресейге қатысты айта алатын өзіміздің «жириновскийлерді» қалыптастырмайды?

Оның пиарына Кремль секілді іштей рұқсат беріп отырса, нұр үстіне нұр болар еді.

Анау есуас «Ә!» десе, біздікілер «Мә!» деп отырар еді ғой.

Ең болмағанда, айызымыз қанып отырар еді. Ресей жағы да ойланып қалар еді... 

Қолдан жасалған әрі түк пайдасы жоқ қуыршақ партияларға ақша шығындағанша, осылай істемей ме?!". 

 


https://youtu.be/_Xybs_9ktwY

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x