YES WE CAN

Dalanews 12 қаң. 2017 03:00 281

0Білесіздер ме, осыдан 10 жыл бұрын, 9/11 оқиғасынан кейін (11 қыркүйек, теракт, АҚШ) әлемде, тіпті Американың өзі ішінде  аты «Усама Бен Ладен» деген атпен үйлесіңкірейтін адам Ақ Үйге басшылық етеді деп ешкім ойлаған жоқ. Бұл анық.

Оның шыққан тегі, түп-тамыры бөлек әңгіме. Барак Хусейн Обама ұзақ уақыт бойы өзін-өзі танумен болды, түп-тамырын іздеді. Үлкен саясатқа бет бұрғанда оның тегіне тиіскендер Баракты аяғынан шалуға, керек десеңіз намысына тиюге тырысты.

Өз тобы, өз ортасы (орысша айтқанда «свои») оны жеткілікті дәрежедегі афро-американдық деп есептеген жоқ.

Неге дейсіз ғой? Себебі, оның әкесі аты мәшһүр Кениялық отбасыдан шыққан болатын, сайып келгенде олар құлдардың ұрпағы емес еді...Оның анасы әдепкі ақ нәсілді американдық әйел.

[caption id="attachment_10918" align="alignleft" width="243"]Барак анасы Энн Данэммен бірге. Барак анасы Энн Данэммен бірге.[/caption]

Ол нағашыларының қолында тәрбиеленді. Оларда, Америкада мұндай түсінік қалыптаспағандықтан ол анасының әке-шешесінің үйінде өсті, ержетті деп айтқанымыз дұрыс. Бірақ, бала кезінен оның бір нәрсеге көзі жеткен: анасы ақ нәсілді болса да, өзі өскен ортада, достарының арасында оны қарапайым қара нәсілді бала санайтын. Яғни, әдепкі африкалық бозбаладан оның еш айырмашылығы жоқ-тын.

Қара бала...Келе келе ол өзін дәл осы қара нәсілдің ұрпағы ретінде танитын болды.

Колумбия университетін бітіргеннен кейін Обама Чикагодағы қоғамдық жұмысқа араласады. Қызметі – ұйымдастырушы. Жалақысы жылына 10 мың доллар. Бұл тіпті сол кезде өте төмен табыс саналатын.




 

Ол тегін қалай таныды?

Қаладағы тұрмысы төмен, жағдайы нашар, әлеуметтік-экономикалық қолдаудан сырт қалған афро-американдық аудандардың ауыр жағдайына биліктің, қоғамның назарын бұрып, бұл тарапта табысқа жеткен, былайша айтқанда танымалдылыққа ие болған Барак бір нәрсені түсінді.

 «Менің таңдаған жолым – халыққа қызмет ету, бұл өмірде айналысқым келетін жалғыз іс – осы» деп ойлайды, ой түйді ол.

Кейін Обама Гарвардтағы атақты Құқық мектебіне түседі. Бұл оның миссиясындағы алғашқы баспалдағы болатын. Бұл жерде де ол белсенді болды.

28 жасында  қара нәсілділердің арасында алғаш рет «Harvard Law Review» журналының Президенті атанды. Ол да оңай емес, біле білсеңіз. Себебі, қазіргі күні  (әрине, бұрын да солай болған) бұл басылым әлемдегі аса ықпалды және ең танымал заң журналы.

Гарвардты аяқтағаннан кейін Обама Чикагодағы қоғамдық жұмысқа қайта оралды. Оның терең харизмасы мен ешкім деңгейлесе алмайтын ораторлық қабілеті қашан қалыптасқаны белгісіз. Бірақ, осы қабілетінің арқасында кейін ол Иллинойс штатының Сенатына өтті.




Мынадай қызық болған...

 President Barack Obama talks with Israeli Prime Minister Benjamin Netanyahu during a phone call from the Oval Office, Monday, June 8, 2009. Official White House Photo by Pete Souza.This official White House photograph is being made available for publication by news organizations and/or for personal use printing by the subject(s) of the photograph. The photograph may not be manipulated in any way or used in materials, advertisements, products, or promotions that in any way suggest approval or endorsement of the President, the First Family, or the White House.Оның алғашқы Президенттік кампаниясы кезінде республикашылардың атынан бақ сынаған Сара Пэйлин: «қоғамдық жұмыстан басқа ешқандай жұмысқа араласпаған, нағыз жұмыстың дәмін татпаған адам әлемдегі ең ықпалды орынтаққа қалай таласпақ? Осыны айтыңыздаршы?» деп көпшіліктен сұрапты.

«Ең ықпалды орынтақ» дегені түсінікті. Америка Құрама Штаттары басшысының креслосына қалай отырмақ дегені ғой.

Соған қарамай 2008 жылғы Президенттік сайлауда Обама озды. Жеңді. Және Америка Құрама Штаттарының тарихындағы алғашқы афро-американдық Президент атанды. Бұл тұста әлемді «Обама феномені» шарлап кетті. Әр тұстан, әр тараптан оның жеңіс лозунгы: «Yes We Can – Иә, біздің қолымыздан келеді» естіліп жатты.




Бүгін..

[caption id="attachment_10920" align="alignright" width="341"]1035x1454-20141007_obama2_x548 Республикашылар былай ойлайды: «Ол геосаясатта өте жұмсақ позицияны ұстанды. Әсіресе, Ресейге келгенде...».[/caption]

Ал бүгін оның президенттік мерзімінің екінші кезеңі аяқталуға жақын. Сәл шыдайық, шамалыдан кейін болашақ ұрпақ Обаманың өз артына қандай мұра қалдырып кеткенін бағалайтын болады.

Обама. Ол да адам. Оны да сынаушылар табылады.

Сыншылар: «оның тұсында, дағдарыстан кейін «жоспарланған» экономикалық «бум» тежеліп қалды, әлем хаосқа түсті» дейді.

Республикашылар былай ойлайды: «Ол геосаясатта өте жұмсақ позицияны ұстанды. Әсіресе, Ресейге келгенде...».

Олардың (республикашылардың) ойынша АҚШ әскері Ирак территориясын тым ерте тастап кетті, әскер сәл аялдағанда ИЛИМ-ді бесігінде тұншықтыратын еді. 

Иә, олар осындай пікірде. Және өз ойларын өзгерткісі жоқ. Америка – демократияның Отаны болғандықтан, бұл жақта жан-жақты көзқарасқа орын бар.

 Соңғы айларда Обама тағы да қарша бораған сынның астында қалды. Бұған себеп: Иранмен арадағы ядролық келісімшарт. Израиль Премьер-министрі Нетаньяхудың сөзін сөйлеп, сойылын соғып отырған республикашылар «Израильді жер бетінен жойып жіберуге уәде берген» Иранға сенуге болмайды деген көзқараста.

Өз кезегінде Обама бұлай ойламайды. Оның пікірінше, Келісімшарт керісінше Иранның ядролық бағдарламасымен ашық танысуға жол ашып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.




 Енді ішкі саясатқа келсек...

Тағы сол республикашылардың айтуынша, Обаманың ішкі саясаттағы ең үлкен қателігі – денсаулық сақтау саласын реформалау әрекеті болды. Осының нәтижесінде мұқтаждарға тегін қызмет көрсететін тізім саны өсті.  Білетін боларсыздар, Америка экономикасы әлемдегі ең еркін экономика болғандықтан, мұндағы денсаулық сақтау саласы да толықтай жекешеленген. Ал мемлекеттік деген аты бар госпитальдердің саны бүкіл ел көлемінде санаулы ғана. Сол себепті де тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың дәрігерге қарануға қалтасы көтере бермейді. Олар дәрігердің алдына бармайды. Обаманың реформасы дәл осындай қауымға бағытталған болатын.

 Бұл ненің есебінен жүзеге асты дейсіз ғой? Ең алдымен елдегі орта және жоғары табысы бар қауымға арналған медициналық сақтандыру бағасы өсті.   Обаманың оппоненттері бұл сәтті тиімді пайдаланып, бұған қарсы шықты.

Жалпы айтқанда, өзінің АҚШ Президенті болған кезеңінде Обама бірде-бір рет бей-берекет жүріс жасаған жоқ. Жоқ, шынымен де солай...

Айталық, ол неге уәде берді? Алғашқы электоральды кампаниясында «Ирак пен Ауғанстандағы соғысты аяқтаймын» деді Обама. Аяқтады.

«Экономикалық өсімді қамтамасыз етемін» деді. Обаманың тұсында Америкадағы жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайызға төмендеді.

Геосаясат




 

Obama Britain Northern Ireland G-8 Summit

Бұл дүние белгілі бір дәрежеде АҚШ-тың қас-қабағына тәуелді болғанмен, бір жүрістен кейінгі келесі әрекетін аңдау мүмкін емес.

Осыдан 5 жыл бұрын ИЛИМ пайда болады деп ешкім ойлаған жоқ. Солай ғой? Сонымен бірге, ИЛИМ-ның пайда болуы Обаманың геосаясаттағы селқостығы емес, Барактан бұрын Иракка басып кірген Ақ Үй әкімшілігінің қателігі (Буштың тұсы).

Осыдан 5 жыл бұрын  ешкімде Украинада соғыс болады, Ресей Қырымды басып алады және екінші қырқи-қабақ соғыс қайта орнайды деп ойлаған да, болжаған да жоқ.

Обама алғаш Ақ Үйге келгенде ең алдымен АҚШ пен Ресейдің арасындағы қарым-қатынасты қайта қарауға, екі елді жақындастыруға тырысқан. Ол кезде Ресей Президенті – Медведов болатын. Ол «ойыншық фигура» болса да Батыспен арадағы байланысты жақсартуға «кет әрі» емес еді. Алайда Қырымдағы жағдай және Украинаның шығысындағы оқиғалардан кейін екі елдің арасындағы байланыстарға біржолата нүкте қойылды. Және жақын арада жағдай өзгереді деп айтуға еш негіз жоқ.

Бітімгер




Тұтастай алғанда, әзіргі Ақ Үй әкімшілігінің сыртқы саясаты халықаралық дағдарыстарды, қақтығыстарды бейбіт түрде шешуге бағытталған.

«Обама өзінен кейін не қалдырады?» деп ойланатындарға айтарымыз: Ол АҚШ-тың тарихындағы ең бітімгер Президент. Әйтпесе, мемлекетті хатшы Керри Мәскеуге бармас еді. 

АҚШ соңғы 70 жылда бірінші рет Кубамен арадағы байланысты жақсартуға ынта танытып отыр. Иран ядролық бағдарламасы да Обаманың бітімгер екенінің дәлелі. Ал бұл бағдарламаның нәтижесі қандай боларын біз осы айда білетін боламыз.

390700_10151010776500514_663181587_nАдиля ТҮГЕЛ,  сарапшы


АҚШ, Хьюстон, Техас штаты


(арнайы «Қала мен Дала» газеті үшін)



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x