"Баян қазақ қыздарына теріс тәрбие бере ме?". Жан Ахмадиевтің ойы белгілі болды

Dalanews 07 мам. 2017 11:30 281

Жұрт Жан Ахмадиев "Темір қатын" деген бейнебаянында "жынды айтты" деп жүр. Иә, рэпер Баянның бетіне айтпасада, бұқпантайлап, біраз дүниені айтып тастапты. Енді бұл клиптен Баян да, Жан да пиар жасап бағуы мүмкін.  

Бүгінгі заманның жырауы Жан Ахмадиев "Баянның басындағы жағдай қазақ қыздарына теріс тәрбие береді" деп өз пайымын айтыпты.
Біздіңше, Баян қазақ қыздарының идеалы емес. Өйткені ол қазақша білмейді.

Тікбақай орыс тәрбиесімен қалада өскен тікбақай әйел ғой. Идеал болса қаланың қыздарына идеал шығар? Ал ауыл қыздары Баянға ұқсағысы келмейді.

Бірақ бұл клип жұрт арасында шу туғызатыны анық. Журналистік білім алған Жан Ахмадиев бұл бағытта Баянның басындағы жағдайды тамаша пайдаланғанын мойындауымыз керек. Жалпы, қоғамның назарын аударатын мәселелерді қазақтың маңдайына басқан рэпер бұл кезді сәтті пайдаланды. Осы тұрғыдан алғанда Жан үшін бұл тамаша пиар қадам болып тұр.



Ал егер клипті тамашалаған Баян ашуға ерік беріп, рэперді сотқа тартса, іс бәрібір Жанның пайдасына шешілері анық.

[video width="1280" height="720" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2017/05/ЖАН-АХМАДИЕВ-ТеміР-ҚатыН-18-.mp4"][/video]

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x