"Айна" алдында Асқар Жұмаділдаев (видео)

Dalanews 05 мам. 2017 05:27 202

 

Массагет қазақ жастар порталы бір ай бұрын «АЙНА» жаңа жобасын қолға алды. Мақсаты – өнер-ғылым әлемінде жүрген тұлғалар жөнінде құнсыз ақпаратқа құнығатын оқырманның талғамын жоғарылату. Жоба діттегеніне жетіп келеді десек те болады. Небәрі бес шығарылымы жарық көргенде келесі түсірілімін тағатсыздана күтетін тұрақты көрермендер қалыптасты. 13-17 минуттық бір бағдарламаны бірнеше рет көріп, өз уақытын пайдалы іске жұмсағанына риза болып жүрген оқырмандар қатары да аз емес. Лебіздесуге келген тұлғалар «Айна» алдында отырып, өз-өзіне есеп беруге, жүріп өткен жолына зер сала қарауға мүмкіндік берген редакция ұжымына алғысын білдіріп те жатыр.

Бүгінгі шығарылым белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі Асқар Жұмаділдаевтың ішкі әлеміне үңілуге арналады.

https://www.youtube.com/watch?v=fLGob4wMvrE

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x