"Ақсақал орнында қалсын!". Семейдегі Ағаш мешітінің жамағаты дүр көтерілді (видео)

Dalanews 12 сәу. 2017 06:17 350

Өткен жолғы сайтымызда жарияланған «Атам ұрлыққа жол берген жоқ!». Семейдегі «Ағаш мешітті» кім тонады?» атты мақала көпшілікті бейжай қалдырмай, біраз резонанс тудырғаны белгілі. Біраз пікірталасқа барып, ізінше «артының қайырын берсін» деген оқырман осымен әңгіме бітті деп ойласа керек. Әліптің артын баққан біз де солай топшылағанбыз. Алайда, күтпеген жерден оқиға өзгеше сипат алып, әңгіме ауаны өзгеріп сала берді.

Семей қаласының өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай өзінің орынбасары Бекзат Баешевты қасына ертіп сәуірдің 7-күні, яғни жұма намазына келген жұртшылыққа мешіттің найб имамы Дәулет Мақажановтың имам болып тағайындалғаны туралы бас мүфтидің бұйрығын ала келді. Сөз барысында мешіттің имамы Заралхан (Аллаберген) қажыға осы уақытқа дейін атқарған қызметі үшін алғысын жаңбырша жаудырып, абыз ата ретінде сыйлайтынын, біліміне құрметпен қарайтынын айта келіп, Дәулет Мақажановты имам етіп тағайындау жөнінде бас мүфтиге ұсыныс білдіргенін, ол кісі ұсынысын жерге қалдырмағанын да тілге тиек етіп өтті.


Манадан үнсіз отырған көпшілік осы тұста өкіл имамға наразылық білдіріп




«бізге өз имамымыз, қырық жылдан бері бір емес бірнеше буынды тәрбиелеп имандылыққа шақырып келе жатқан Аллаберген қажыдан басқа ешкімнің керегі жоқ. Ақсақал орнымды босатамын деп өзі өтініш білдірді ме, болмаса бұл асығыс шешімге бас мүфти қалай барды, көптің таңдауы, қалауы деген қайда?»



деп дүр ете түссін.


Бұған өкіл имам бұл менің ұсынысым, мен өзім қалаған адамды қойғыза аламын, ал бұйрық бас мүфтидікі, сондықтан ол талқыға салынбайды деген уәж айтқан болды. Алайда көпшілікті өкіл имамның бұл сөзі қанағаттандырғаны былай тұрсын, наразылығын одан сайын ушықтырып жіберді. Оны бейнетаспадан көруге болады.


[video width="480" height="360" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2017/04/Ағаш-мешітінің-жамағаты-Заралхан-қажының-бас-имам-болуын-талап-етуде-1.mp4"][/video]



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x