«Шаншардың» жаңа бағдарламасы

Dalanews 03 сәу. 2016 08:51 163

Қазіргі таңда сатираның туын жықпай, халыққа шынайы әзіл сыйлап жүрген «Шаншар» әзіл-ысқақ театры десек қателеспейміз.

Бүгінде халық «Шаншардың» әрбір жаңа бағдарламасын асыға күтеді. Әрбір әзілдің астарында әлеуметтік астар жататыны белгілі. Сондықтан болса керек, халық «Шаншар» десе бар шаруасын жиып қойып, көкжәшіктің алдына жиналып, театрдың жаңа қойылымдарын тапжылмай отырып тамашалайды.

Таяуда еліміздегі маңдайалды әзіл-ысқақ театрының жаңа бағдарламасы жұртшылыққа жол тартты. Youtube сайтында жарияланған әдемі сатиралық қойылым миллиондаған адамның көңілінен шығып үлгерді десек болады.

Бұл жолы өнер ұжымы әзіл сүйер қауымға «Тоқал алу», «Ток-шоу», «Теңгебай мен Доллар» сынды қойылымдарын ұсынды. Бәрі де біз күткендей керемет. «Шаншардың»  езу жиғызбай, адамға ой салатын әзілдерін тамашалай отырыңыздар.

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=Q8Da-47gQPQ

https://www.youtube.com/watch?v=vV1wWlHZeoU

https://www.youtube.com/watch?v=l2wcWeYcYsQ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x