Алда 14 күндік карантин күтіп тұр

Dalanews 01 шіл. 2020 14:01 327

Үкімет 14 күндік карантин жариялауды ұсынды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

«Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді» деп жазды Мемлекет басшысы.



Естеріңізге сала кетейік, 29 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте Үкімет пен Ведомствоаралық комиссияға 2 күннің ішінде қатаң карантин режимін енгізу туралы жоспар әзірлеуді тапсырған болатын.

Кейін ҚР Денсаулық сақтау министр Алексей Цой карантиннің үш түрлі сценарийін БАҚ-та жариялап, ең тиімдісі 4 апталық карантин екенін айтқан.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x