Тоқаев Үкімет басшысына экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуді тапсырды

Dalanews 04 ақп. 2020 10:28 168

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында коронавирустың таралуы салдарынан әлемдік нарықтағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы мен оны дамытудың перспективалары қарастырылды.

Қазақстан Президенті Үкіметке ұлттық экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жоспарланған құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жедел шаралар қабылдауды тапсырды.


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x