Осыдан аз уақыт бұрын Тұркия мемелекетінің 100 жылдығы құрметіне “ 100 тұлға” топтамасымен шығарылған 100 кітаптың ішінде тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қараның Мұстафа Шоқай романы Түрікше аудармасының тұску кесер шарасын Түркия мәдениет министірі Мехмет Нури Сой өткізген болса, әрі қарай Күчүкчекмеже ауданындағы Қазақстан Мәдениет және Сауда орталығында төраға Ғанимет Ғайсаұлы және Ержан Уәйістің ұйымдастыруымен өтті, Ыстанбұлдағы диаспорасының өкілдері, осында оқыйтын студент жастардың қатынасуымен кітаптың керме жібі кесілді. Кітап авторы профессор Ә.Қара екі тілде түсініктеме жасады. Міне, енді ғалым қаламгер Ә.Қараның М.Шоқай туралы кітабы 4 тілге аударылып отыр. “ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ТҮРКІ ӘЛЕМІ САЯСАТЫ” тақырыбындағы кітабы қазақ тіліне, “SOVETLER BİRLİĞİNİN POLİTİKASI” кітабы түрік тіліне, “ ПОЛИТИКА СОВЕТСКОГО СОЮЗА В ОТНОЩЕНИЙ ТҮРКСКОГО МИРА” кітабы орыс тіліне және 4 ші кітабы Француз тіліне аударылған. Ыстанбұл қаласында туып өскен Қазақ профессоры Ә.Қара Қазақ, Орыс, Түрік, Француз, Неміс тілдерін жеттік біледі.
Қазақ тілінің маманы, белгілі тарихшы ғалым Ә.Қара Қазақ ұлтының көш бастаушылары9ның бірі, Алаш қайраткері Түрік дүниесінің негізі үшін күрескер Мұстафа Шоқайды өз Ана тілімізде танытуымыз үлкен құдырет. Екіншіден Орыс тіліне аударылуы кеңес заманындағы Түркі тілдес бауырларымыз кең көлемде Орыс тілін жан жақты меңгергені белгілі яғни жан жақты түсіндіру мақсатындағы аударма, үшіншіден Түрік тіліне аударылуы, “ Біз түбіміз Түрікпіз” Мұстафа Шоқайдың да мақсаты Түрік дүниесін біріктіру еді, сол кездегі солақай саясатқа барынша қарсы болды. Туған Отанынан шет елдерге кетуге мәжбүр болды.
Қара теңізі бойында Грузия, Түркияда, Ыстанбұлда біраз аялдады. Бұл елмен дініміз, тіліміз, діліміз бір, әдет құрып салт дәстүріміз ортақ. Төртіншіден үлкен тұлға Мұстафа Шоқай Германия Франция елдерінде жан кештілікпен өмір сүрді, Түрік дүниесі, Түркістаным деп ұлттық намысты жоғары қойды. Мәңгілік мекені Алмания болса, Францияда мұражайы, музейі, ескерткіші, Шоқай атындағы халық аралық қоры бар, оның негізін ұлт жанашыры Парижде тұратын Яшар Денч және Ә.Қара қалаған.
Мұстафаның балалық жастық шағы Сыр бойында Қызылорда обылысында өтті. Орта Азиядағы Ташкенттегі мемлекеттік университтеті және Санк-Петербургте заң университетін тамамдаған. Тоғыз тілде еркін сөйлейді міне талант, Қазақ халқының шексіз құдіреті. Мұстафа Шоқайдың 4 тілге аударылған кітаптарының түсау кесері Анкарада өтті. Оны қаламгер жұрналист Жесурхан Тас бастаған Түрік Қазақ достық қоғамы ұйымдастырды. Енді тұлғаның туған жері Қызылордада Қорқыт ата университетінде халықаралық конференция өтеді.
Ыстанбұлда Қазақстан мәдениет және сауда орталығында, 9-желтоқсанда Ағылшындар елінде Лондон қаласында Қазақ қауымдастығының төрағасы Абдуслам Сабаш ұйымдастыратын шаралар өтеді, оған сол елдердегі оқыйтын Қазақ студент жастар қатынасады және сол өлкедегі қандастарымызда белсене атсалысады, бұл жиындардың бәріне де кітап авторы, профессор Ә.Қара арнайы қатынасып, әрі таныстыру шараларын жүргізеді, сондай ақ осы өңірдегі мәдени орталықтарда, қоғамдық ұйымдарда, университеттердегі М.Шоқай музейіне 4 тілдегі кітаптардың біраз бөлігін Мимар Синан университетінің профессоры өз қолымен тапсырады яғни Мұстафа Шоқайды 4 тілде сөйлету бұл жарты дүниені бағындыру деген қағида. Оның есімі шар тарапқа биік белеске шығуы бүкіл Түрік дүниесінің, Қазақ халқының әлемге танылуы деген сөз.
Иә Түрік әлемі үшін, Түркістан Түран өңірлерінің болашағы үшін күрескен алып жүректі Мүстафа Шоқайдың есімі мәңгі жасайды.
Ержан УӘЙІС, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.