Cоңғы жаңалықтар
Back

Би – Құдаймен байланысқа шығудың тәсілі – Омар Жәлел

Әлеуметтік желіде қазақтың бас биі Омар Жәлелдің қыздармен билеп жүрген видеосы тараған болатын. Бұған қатысты жұрттың пікірі екі жарылды. Атышулы мәселеге Омар Жәлелдің өзі пікір білдіруге мәжбүр болды.

– Менің осында билеген биімді Мансұр деген жігіт Tik tok желісіне жүктеген екен. Содан интернеттің бәрі шулап кетті.

«Бас биіміздің түрін қара?», «Төле би, Қазыбек, Әйтеке билер көрсе жүрегі жарылып өлер еді» деген пікірлер кетіп жатыр.

Сонда адам билеуге болмай ма? Конституцияда тыйым салынбаған, салт-дәстүрде шектеу қойылмаған.

Атақты Шашубай Қошқарбайұлы 80 жасқа дейін билеген. Қазақтарда бұрын сал-серілердің бәрі билеген. «Аққу», «Құс биі», «Бүркіт биі» деген билер болған. Қазір біз өз надандығымыздан биді жоққа шығарып тұрмыз. Би – құдаймен байланысқа шығу, – дейді Омар Жәлел.

Айта кетейік. былтыр Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Машат ауылында өткен жиында тоғыз облыстан келген билер бірауыздан Төбе би ретінде Омар Жәлелді сайлаған болатын. Кейін би болып сайланған философқа белгілі бір кезеңдерде атқарған ісіне есеп беріп отыруы міндеттелді.

Тағы оқыңыз:

Бас мамандар Түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттауды бастады