Қарақат тере барғанда...

Dalanews 24 мау. 2022 10:41 194

Шығыстан таң көрiнгенде, Нұргүл, Айгүл, мен – ушеуміз өзен жағасына тiгiлген үй сыртында отыр едік.

– Мен жарық таңды жақсы көремін, – деді Нұргүл.

– Ал мен сайраған құстар дауысын күнде естігім келеді, – деді Айгүл үнi сыңғырлап. Дәл осы кезде бiр топ құстын сайрағаны естілді.

– Бұлбұл ғой, – деді Нұргүл

– Жоқ, маусым айында бұлбұлдар сайрамайды. Мынау қараторғайдың даусы. Ой, дауыстары қандай әдемі! – деп Айгүл қуанды.

Мен ағаш басына қарап едiм, расымен де қараторғайлар әнге басып отыр екен. Қарлығаш апамнын күрпілдетіп ала сиырды сауып отырғанын көрдік. Көкжиектен күнде сығалады. Бiр шелек сүт алып апам қасымызға келiп:

– Айналайындар, ала сиырды та бадаға қосып жiберiндершi, – дедi. Біздер алақайлап орнымыздан ұшып турдык.

Ала сиырды көп сиырға қостық та, тоғайга кiрдiк. Биік бір теректiң айналасы мөлдіреген қарақатқа тұнып тұр екен.

Үшеумiз де алақанды толтыра асап жүрмiз. Ой, дәмi қандай! Дорбаға да салып қоямыз. Қарақат таусылар емес. Ауылға қайттық. Құдайберген ал дымыздан жүгiрiп шықты. Бір дорба қарақатты бере қойдым. Киіз үйге келiп шай іштік. Апам қаймақ пен бауырсаққа тойғызды. Сыртка шықтық. Көк жүзiнде күн күлімдеп тұр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x