Алтын Орда тарихының ақиқатын айтуға бет бұрудамыз

Dalanews 30 қаз. 2021 08:31 241

Дәурен АБАЕВ, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары:

– Осыдан бір апта бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық ұлыстың негізін қалаушы Жошы хан жерленген жер – Ұлытаудағы тарихи – мәдени кешенінде болды. Осы айтулы оқиғаның эстафетасын қабылдай отырып, қазақ және әлемнің әр түкпірінен тарихшы ғалымдарды жинап, қасиетті Атырау жерінде, Орта ғасырдағы ұлы империяның мұрасын талқылау және пайымдау үшін жиналдық, – деді ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев

Оның айтуынша, Атырау-жай ғана мұнай астанасы емес, ол біздің ұлан-байтақ Отанымыздың Батыс шебі, ел тарихына орасан зор үлес қосқан даңқты батырларды халыққа сыйлаған жер.

 

Ғарифолла ӘНЕС, профессор, филология ғылымдарының докторы:

– Еліміз тәуелсіздік алғалы ұлт тарихын түгендеп, зерттеп келеді. Алдымен Алашорда тарихын қолға алдық. Одан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік. Енді міне, Алтын Орда дәуірінің ақиқатын айтуға бет бұрудамыз, – деді ғалым.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x