Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуда маңызды шешім қабылданды – сарапшы

Жарбол Кентұлы 08 қаз. 2024 17:19 1934

Күні кеше ғана өткен референдумға қатысты Қазақстанның қоғамдық даму институтының сарапшысы Дамир Белгібаев өзінің Фейсбук парақшасында пікір білдіріп, «рефрендумды еліміздің энергия қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды шешім» деп бағалапты.

– Мемлекеттік Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы АЭС құрылысы бойынша референдумда қазақстандықтардың 71,12 пайызы қолдап дауыс берді. Жалпы халықтың 63,66 пайызы, яғни 7 820 204 адам, сайлауға қатысқан.

Референдумның нәтижесі еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды шешім болды. Бұл көрсеткіштер Қазақстан азаматтарының атом энергетикасына деген көзқарасының оң екенін және ел дамуы үшін маңызды жобаны қолдайтынын көрсетті.

Осылай, ұзақ талқылаудан кейінгі нақты шешімді қоғам болып қабылдадық. Алда әлі үлкен жұмыстар күтуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар