Әлемге танымал бүркітші қыз Айшолпан тұрмысқа шықты

Сағыныш Сардарова 09 жел. 2025 16:58

Әлемге танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы бүркітші қыздың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Желі қолданушылары жақсы жаңалыққа орай бүркітші қызды жарыса құттықтаған.

"Барған жеріңде бағың жансын!", "Бақытты бол", "Бақытты отбасы болыңдар, батыр қыз", "Барған жерде бағың жансын, қалқатай", - деді олар.

Айта кетейік, ол туралы фильм түсіріліп, бұл туынды әлемнің 30 мемлекетінде көрсетілді. 2015 жылы "Оскар" сыйлығына да ұсынылған. 2018 жылы Нью-Йорк қаласында туынды Asia Game Changer сыйлығын иеленді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар