Back

«AMANAT» партиясы жастарды құмар ойыннан құтқармақшы

«AMANAT» партиясының Жастар қанаты интернетке тәуелділік пен құмар ойындарымен күрес жұмысын жандандыруға шақырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«AMANAT» партиясының қоғамдық саясат институты директорының орынбасарының айтуынша, 2019 жылғы мәліметтерге сәйкес қазақстандықтардың 73,8%-ы лудоманияны өзекті мәселе деп санайды, ал қатысушылардың 11%-ы өз отбасыларында құмар ойындарына тәуелді адамдардың бар екенін айтты.

– Ғаламтор көптен бері адам өмірінің айырылмас бөлшегіне айналды, әсіресе балалар мен жастар арасында. Бірақтан, құмар ойындары онлайн болғаннан бері, оның артықшылықтарымен қатар, қауіпті жақтары да көбейді. Бұл мәселе енді ғана зерттеліп басталуда, ғылыми зерттеулерге барынша ден қойылуы тиіс,  – деп айтып өтті Жастар қанаты төрағасының орынбасары Айсұлу Ерниязова.

Ал, психолог Аида Тұрғазы лудоманияның түбінде бүтіндей жинақталған факторлар жатыр дейді.

– Осылайша адам өзіндегі отбасылық, карьераға қатысты, махаббат және өзге де мәселелерінен алшақтауға тырысады. Кез-келген жағдайда тәуелді адам ең басында мәселенің барлығын мойындап, міндетті түрде мамандарға жүгінуі міндетті. Жақын туыстары, достары алғаш болып дабыл қаққаны жөн, – деді А. Тұрғазы.

Өз кезегінде Еуразия Ұлттық университетінің доценті Оңайгүл Тұржан бүкіләлемдік желінің кесірінен адамдарда ойлау, сөйлеу және жазу мәдениеті өзгергендігіне назар аударды.

– Ақпараттық иммунитеттің жинақталмауына байланысты ақпаратты талдай алмайтын жастардың саны көбейді. Жастардың потенциалын түрлі пәндік олимпиадаларға, ғылыми зерттеулерге бағыттау керек, басқа сөзбен айтқанда зияткерлік жетістігін кеңейту қажет, – дейді О. Тұржан.

Айта кету керек, партияның Жастар қанаты аймақтарда интернетке тәуелділік пен құмар ойындар деңгейін талдау, осы саладағы қазақстандық және шетелдік заңнамаға сапалы талдау жүргізу, сондай-ақ құмар ойындары бар сайттардың тізілімін жариялау үшін бірқатар фокус-топтарды жинақтауды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз:

«Қазақша сөйлеңіздер!». Жетісудың жаңа әкімі шенділерге талап қойды

Мектеп салу – қымбат, оқушыларды автобуспен тасымалдауды дамыту маңызды, – Шөкеев